Now Reading
Қазақстанда бала тууына және бала күтімі бойынша жәрдемақыларға шамамен 507 млрд теңге төленді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда бала тууына және бала күтімі бойынша жәрдемақыларға шамамен 507 млрд теңге төленді

Қазақстанда бала тууына және бала күтімі бойынша жәрдемақыларға шамамен 507 млрд теңге төленді

Қазақстанда бала тууына және бала күтімі бойынша жәрдемақыларға шамамен 507 млрд теңге төленді

2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен 201,7 мың адам бала тууына байланысты 36,4 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды.

Жыл басынан бері 408,5 мың адам мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ бала 1,5 жасқа толғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдермен қамтылды, жалпы сомасы 506,7 млрд.

2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен бала тууына байланысты 36,4 млрд теңге сомасында 201,7 мың адам, оның ішінде шілдеде 32,4 мың адам 5,9 млрд теңге сомасында жәрдемақы алды. Бұл жәрдемақыға Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтар, сондай-ақ балаларды дүниеге әкелген, асырап алған немесе қорғаншылыққа алған шетел азаматтары өтініш бере алады.

Тірі туған, асырап алынған немесе тәрбиеленушілері немесе өгей балалары бар адамдар (отбасылар), егер олар басқа ата-анасының отбасында тіркелмеген болса, баланы күтетін адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын жағдайларда бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға құқылы. Есепті кезеңде бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақыны орташа есеппен 124,1 мың адам 25,4 млрд теңге, оның ішінде шілдеде 125,8 мың адам 3,7 млрд теңге сомасында алған.

Баланың тууы мен күтімі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерлері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бері мемлекеттік жәрдемақылардың көлемі 6,5%-ға индекстелді.

Биылғы жылы бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері:

— бірінші, екінші, үшінші балаға — 38 АЕК немесе 149 416 теңге;

— төртінші және одан кейінгі балаға — 63 АЕК немесе 247 716 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақы ай сайын мынадай мөлшерде төленеді:

— бірінші балаға — 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;

— екінші балаға — 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;

— үшінші балаға — 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;

— төртінші және одан кейінгі балаға — 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.

Сонымен қатар, жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылғаны үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігі және босануы бойынша демалыстың барлық күндері үшін әлеуметтік төлем тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша демалысқа шыққанға дейінгі соңғы 12 ай ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыз күндер санына байланысты.

Жыл басынан бері бұл біржолғы төлемді 133,6 мың адам жалпы сомасы 190,7 млрд теңге алса, оның ішінде шілде айында 21,8 мың адам 24 млрд теңгенің төлемін алды. 7 айда тағайындалған төлемнің орташа сомасы 1 523 093 теңгені құрады.

Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға бала бір жарым жасқа дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда оның туған күнінен бастап ай сайынғы әлеуметтік төлем тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі немесе одан да көп бала туған кезде төлем әр балаға бөлек тағайындалады.

2025 жылдың 7 айында бұл төлем 150,8 мың адамға 254,2 млрд теңге, оның ішінде шілде айында 21,6 мың адамға 36 млрд теңге тағайындалды. 7 айда орташа айлық төлем 88 766 теңгені құрады.

1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны 220,9 мың адамды құрады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×