Now Reading
«Жанұя» орталығында сегіз ай ішінде 2800-ден астам адам заңгерлік көмек алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Жанұя» орталығында сегіз ай ішінде 2800-ден астам адам заңгерлік көмек алды

«Жанұя» орталығында сегіз ай ішінде 2800-ден астам адам заңгерлік көмек алды

Астанадағы «Жанұя» Отбасын қолдау орталығы қиын жағдайға тап болған әрбір отбасыға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

 

Мәселен орталықтың заң бөлімі азаматтарға өз мәселелерін заң аясында дұрыс шешуге көмектесіп, әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

 

Азаматтарды құқықтық қамтамасыз ету және заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы Ербол Есбұлғановтың айтуынша, қаңтар-тамыз айлары аралығында орталықта 2811 адамға заңгерлік және медиациялық көмек көрсетілген. 

 

«Орталығымызға көпбалалы, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар жанұялар, сондай-ақ әлеуметтік және қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтар жиі жүгінеді. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, жұмыссыз және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар да заңды көмек алу үшін келіп жатады. Біз олардың өтініштерін қабылдап, құқықтық кеңес ұсынамыз, қажет болған жағдайда процессуалдық құжаттарды әзірлейміз және сотқа дейінгі құқықтық сүйемелдеу көрсетеміз»,- дейді Ербол Есбұлғанов.

 

Сондай-ақ орталықта халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық жұмыстар жүргізіп, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен адвокаттармен ынтымақтастық орнатады. «Жанұя» орталығының заңгерлік бөлімі азаматтарға тегін, қолжетімді және сапалы құқықтық көмек көрсетуге арналған. Орталықта құқықтық көмекке қатысты ашық есік күндері, жиындар және мерекелік акциялар жиі ұйымдастырылып тұрады. 

 

Бөлім қызметкерлері Әділет департаменті, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар алқасы өкілдерімен бірлесе отырып, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырады», – дейді Ербол Есбұлғанов. 

 

Сонымен қатар «Жанұя» Отбасын қолдау орталығы психологиялық кеңес беру және қиын жағдайға түскен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету қызметтерін ұсынады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×