Now Reading
Әлеуметтік жағынан осал қазақстандықтар қарыздарын жеңілдетілген тәртіппен реттей алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Әлеуметтік жағынан осал қазақстандықтар қарыздарын жеңілдетілген тәртіппен реттей алады

Әлеуметтік жағынан осал қазақстандықтар қарыздарын жеңілдетілген тәртіппен реттей алады

2025 жылғы 28 тамыздағы №49 Агенттік Басқармасының қаулысымен 2021 жылғы 16 шілдедегі №82 «Микрокредит беру шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» және №84 «Банк қарызы шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аталған қаулымен әлеуметтік осал топтарға жататын және төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушыларға банктер мен микроқаржылық ұйымдар үш айдан кем емес мерзімге қарызды өтеуді кейінге қалдыруды комиссиялар мен өзге де төлемдерді алмай ұсыну міндеті жүктелді.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес әлеуметтік осал деп танылған қарыз алушының өтініш бергенге дейінгі екі айдағы ай сайынғы табысы өткен он екі аймен салыстырғанда 30%-дан астамға азайған жағдайда немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жағдайда кейінге қалдыру тағайындалады.

Сонымен қатар, кредиторлардың процесті кешіктіруіне жол бермеу және негізсіз бас тартуларды болдырмау үшін мерзімі өткен берешекті өтеу үшін қажетті құжаттардың бірыңғай тізбесі енгізілді.

Негізгі құжаттарға: жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама және (немесе) соңғы алты айдағы табысы туралы анықтама, еңбек шартының бұзылғаны, ақысыз еңбек демалысының берілгені немесе уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы жұмыс берушінің актісі, жалақы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама және БЖЗҚ-дан үзінді, сондай-ақ қарыз алушының жүктілікке және бала тууына, жаңа туған баланы асырап алуға немесе үш жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста екенін растайтын құжат жатады.

Қаулы 2025 жылғы 30 маусымдағы «Қаржы нарығын дамыту, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық реттеуді алып тастау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру шеңберінде қабылданды.

Басқарма қаулысының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсынан танысуға болады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×