Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес 1 қазан (Қарттар күні)

– Астана қаласында тіркелген жасы бойынша зейнеткерлерге және ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен зейнеткерлік жастағы адамдарға арналған мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмек 2,5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі ақшалай төлем, Астана қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлеккеттік корпорациясы» КЕАҚ жіберілген тізім бойынша 100 мыңнан астам зейнеткерлерге жүргізіледі.
Источник: aleumet_enbek.astana