Now Reading
Ақтөбеде есту қабілеті бұзылған оқушы қызды жасөспірімдер тонап кетті: қыздың анасы әділдік іздеп жүр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтөбеде есту қабілеті бұзылған оқушы қызды жасөспірімдер тонап кетті: қыздың анасы әділдік іздеп жүр

Ақтөбеде есту қабілеті бұзылған оқушы қызды жасөспірімдер тонап кетті: қыздың анасы әділдік іздеп жүр

Ақтөбеде есту қабілеті бұзылған 11 жастағы мектеп оқушысын тонап кеткен. Қыздың анасы әділдікке қол жеткізу үшін сегіз айдан бері күресіп келеді.

Оқиға биыл ақпанда болған. Сабақтан үйіне қайтып келе жатқан оқушы қызды жасөспірімдер жолда тонап кеткен. Естуінде ақауы бар қыз дыбысты ести алмайтындықтан, кім хабарласқанын көру үшін планшетті пайдаланып жүрген.

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларда оның артынан үш жасөспірімнің еріп келе жатқаны анық көрінеді. Бір сәтте олардың бірі — колледж студенті — қыздың қолындағы планшетті жұлып алып, қаша жөнелген. Бесінші сынып оқушысы артынан жүгіргенімен, тротуардың көктайғақтығына байланысты қуып жете алмаған.

— Кешке үйге келгенімде қызым жылап отыр екен. Болған жағдайды айтып бергенде, сөзім байланып қалды. Кешкі сағат алты шамасында сабақтан қайтып келе жатқан бейкүнә бала. Айналада адамдар жүрген. Қызым шошып, артынан қуа жөнелген, бірақ жетпей қалған. Үш камераның жазбалары бар. Мен арыз бергеннен кейін көп ұзамай үш жасөспірімнің де кім екені анықталды: екеуі — жоғары сынып оқушылары, ал үшіншісі — 17 жастағы колледж студенті, — дейді жәбірленушінің анасы Жанна Алдабергенова.

Анасының айтуынша, іс бойынша ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі («Тонау») бойынша тергеу басталған. Алғашында күдікті ретінде үш жасөспірімнің бәрі тіркелген, алайда кейін тергеу тек біреуін ғана күдікті ретінде қалдырып, қалғандарын куәгер ретінде өзгертті.

— Мен он рет прокуратураға бардым, бірнеше шағым жаздым — нәтиже жоқ. Сегіз ай өтті, іс әлі сотқа жіберілген жоқ. Бірінші тергеу кезінде үшеуі де планшетті бірге ұрлауға келіскенін мойындаған. Бірақ кейін екеуін істен алып тастады, — дейді Жанна Алдабергенова.

Оның айтуынша, күдіктілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс, себебі олар алдын ала келісіп әрекет еткен.

— Үш ай өткен соң ғана, бәрімізді полиция бөлімшесіне шақырғанда, сол балалардың ата-аналары менен алғаш рет кешірім сұрады. Оған дейін ешкім хабарласып, қызымның жағдайын сұрамады. Қызым әлі күнге дейін қорқыныштан арыла алмай жүр. Ересек ер адамдардан шошиды. Біз қазір де психологтардың көмегіне жүгінудеміз, — дейді ол.

Тергеу мәліметінше, ұрланған планшетті күдікті базарда арзан бағаға сатып жіберіп, кейін полиция ізін анықтаған соң қайта сатып алып, қызға қайтарып берген.

Полиция басқармасы тергеудің аяқталып қалғанын хабарлады.

— Бөгденің мүлкін ашық түрде ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық қатысушылар анықталып, қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізілді. Қазан айының соңына дейін процессуалдық шешім қабылданады, — деді Ақтөбе қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімінің бастығы Галина Стырличук.

ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі бойынша («Тонау») айыпталғандарға айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

— Мен оның ақыры амнистиямен құтылып кетуінен қорқамын. Сонда бәрі бекер болады. Ал менің қызым әлі де қорқынышпен өмір сүріп жүр, — дейді жәбірленушінің анасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 14 жастағы Нұржан Сыдықтың өліміне қатысы бар жоғары сынып оқушылары сотталған еді. Үшеуі 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, тағы үшеуіне 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сот залынан босатылған.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×