Now Reading
Цифрлық отбасы картасы: 208 мыңнан астам адам мемлекеттік қызметтер алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Цифрлық отбасы картасы: 208 мыңнан астам адам мемлекеттік қызметтер алды

Цифрлық отбасы картасы: 208 мыңнан астам адам мемлекеттік қызметтер алды

«Цифрлық отбасы картасы» енгізілгеннен бері 2025 жылдың басынан бастап 397,8 мың адам әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде алу үшін SMS-хабарлама алды.

Оның ішінде 208 мыңнан астам азамат өтініш бермей-ақ жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді ресімдеу мүмкіндігін пайдаланды.

Цифрлық отбасы картасы (ЦОК) мемлекеттік органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде қалыптастырылады.

Бүгінгі таңда картада 20,2 миллион қазақстандық немесе 6,2 миллионнан астам отбасы туралы мәлімет жинақталған.

ЦОК енгізудің басты мақсаты — қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде Цифрлық отбасы картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді бағыттарын айқындайтын құрал ретінде бекітілген.

Сонымен қатар, ЦОК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты олардың мемлекеттік кепілдендірілген қолдау шараларына құқығы туралы күнделікті электронды хабарлаушы қызметін атқарады.

Қазіргі уақытта ЦОК мемлекеттік қолдау алуға құқығы бар азаматтарға өтініш бермей-ақ 11 түрлі жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді ресімдеуге мүмкіндік береді, олардың қатарында:

 • еңбек қабілетінен айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлем;

 • жұмыссыз қалған кездегі әлеуметтік төлем;

 • асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер мен жәрдемақылар;

 • бала тууға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақылар;

 • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршыға) арналған жәрдемақы;

 • мүгедектік бойынша жәрдемақы;

 • көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы;

 • «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне төленетін жәрдемақы;

 • атаулы әлеуметтік көмек;

 • жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Сонымен бірге ЦОК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесінің мерзімі, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарға арналған жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қолдау шараларына құқығы бар азаматтарға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жолданады.

Хабарлама алған азамат оған растау ретінде «келісемін» деп жауап беруі тиіс.

Осыдан кейін өтініш автоматты түрде рәсімделіп, жәрдемақы немесе төлем тағайындалып, қаражат алушының банк шотына аударылады.

Алаяқтық тәуекелдерін болдырмау мақсатында азаматтарға тек 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келетін SMS-хабарламаларға ғана жауап беру қажеттігі ескертіледі.

Барлық сұрақтар бойынша 1414 Call-орталығына жүгінуге болады. Қоңырау — тегін.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×