Айта кету керек, жаңартылған тізбеден аурулары бар науқастар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есебінен, яғни мемлекет есебінен дәрігерлік бақылау, дәрі-дәрмектер, талдаулар алатын болады.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тізімге келесі аурулар енгізіледі:
• Туберкулез;
• АИТВ-инфекциясы;
• созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы;
• қатерлі ісіктер;
• психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар;
• жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай);
• жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары;
• орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық аурулары;
• орфандық аурулар;
• эпилепсия;
• инсульт (1 жыл ішінде).