Now Reading
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер тізімін инновациялық препараттармен толықтырды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер тізімін инновациялық препараттармен толықтырды

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер тізімін инновациялық препараттармен толықтырды

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер тізімін инновациялық препараттармен толықтырды

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтарының жекелеген санаттарын амбулаториялық жағдайда тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне өзгерістер енгізу жобасын әзірледі.

Атап айтқанда, бұйрық жобасына 16 нозология бойынша клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген 23 инновациялық дәрілік препарат енгізілді.

Соның ішінде, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар балалар үшін ивабрадин және сакубитрил/валсартанның бекітілген комбинациясын енгізу көзделген.

Ауыр дәрежедегі бронх демікпесі бар науқастар үшін омализумаб қосылды.

Сондай-ақ ювенильді артриті бар науқастарға арналған терапия тізімі кеңейтіліп, канакинумаб, тоцилизумаб, голимумаб және адалимумаб енгізілді.

Жалпы алғанда, бұйрық жобасына 16 нозология бойынша клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген 23 инновациялық дәрілік препарат енгізілген.

Сонымен қатар, заманауи емдеу стандарттарын ескере отырып өзектілігін жоғалтқан бірқатар дәрілік позицияларды тізбеден алып тастау ұсынылады. Бұл амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің тиімділігі мен нысаналығын арттыруға, сондай-ақ бюджет қаражатын неғұрлым ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Министрліктің мәліметінше, өзгерістер Формулярлық комиссияның шешімдері негізінде әзірленіп, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. Нәтижесінде науқастар өзекті клиникалық ұсынымдар мен заманауи стандарттарға сәйкес ем ала алады.

Тізімді жаңарту дәрілік қамтамасыз етуді қазіргі клиникалық тәсілдер мен халықаралық емдеу тәжірибесіне сәйкестендіруге бағытталған.

Құжат 20 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×