Now Reading
Ақтөбе облысында балаларға арналған оңалту орталығы салынады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтөбе облысында балаларға арналған оңалту орталығы салынады

Ақтөбе облысында балаларға арналған оңалту орталығы салынады

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы салынады. Жобаның авторы – «Бибі-ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазина. Нысанды бір жарым жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Болашақ орталық екі қабатты ғимаратта орналасады. Ол кешенді оңалту жүргізілетін балабақша қағидаты бойынша жұмыс істейді. Мұнда балалар ауруларды ерте диагностикалаудан өтіп, қалпына келтіру ем-шараларын қабылдай алады.

Бибігүл Иманғазина, «Бибі-ана» қайырымдылық қорының президенті:

– Біздің орталықта балалар білім алып, ем қабылдап, музыкамен айналысады, ағылшын, орыс және қазақ тілдерін үйренеді. Барлық бағыт олардың мектепке дайын болуына негізделеді. Ең бастысы – баланың өз-өзіне қызмет көрсете алуы және білім алуы. Мүмкіндігі шектеулі болса да, үлкен жетістіктерге жеткен адамдар аз емес.

Құрылыс жұмыстарының басталуына арналған салтанатты шараға жоба авторы мен облыс әкімі қатысты. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге. Құрылыс бір жарым жыл ішінде аяқталады деп жоспарланған. Жаңа орталыққа тек Шалқар ауданынан ғана емес, облыстың басқа аудандарынан да балалар қабылданады.

Нұрбек Исбусинов, Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері:

– Көршілес Мұғалжар ауданында шамамен 80 мүгедектігі бар бала тұрады. Сонымен қатар, 130 шақырым қашықтықтағы Ырғыз ауданынан да балаларды оңалтуға әкелу жоспарланып отыр.

Шалқардағы оңалту орталығы даму ерекшелігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін маңызды қолдау болмақ. Облыста 32 мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның 5600-і – балалар. Сондықтан өңірде осындай нысандарды дамыту жалғасуда.

Лаззат Уразбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

– 1 маусым күні Темір ауданында «Айнала» орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Ол жерге Ойыл, Қобда, Темір, Мұғалжар және Алға аудандарынан балалар қабылданады. Мұнда аутизм, церебралды сал ауруы және басқа да диагнозы бар балалар оңалтудан өте алады.

«Бибі-ана» қайырымдылық қоры көптеген жылдар бойы мүгедектігі бар адамдарға және әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетіп келеді. Қордың көмегімен 500-ден астам мектеп түлегі жоғары білім алуға мүмкіндік алған.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×