Now Reading
Шымкентте жүз отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Шымкентте жүз отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды

Шымкентте жүз отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды

Шымкентте жүз отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Қоныс тойын көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар атап өтті. Баспаналар «Отбасы банк» жеңілдетілген бағдарламасы арқылы сатып алынған. Жаңа пәтерлер «Ақжайық» шағын ауданында орналасқан. Мемлекет пен «Отбасы банк» қолдауымен биыл мегаполисте төрт мыңнан астам кезекте тұрған азамат баспанамен қамтылады. Бүгін қоныс иелерін «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова құттықтады.

Бұл күнді көптеген отбасылар жылдар бойы күтті. Толқу, қуаныштың көз жасы және көптен күткен пәтер кілттері – бүгін жүздеген шымкенттік үшін жаңа өмір басталды.

Қоныс иелерінің қатарында көпбалалы ана Гүлнұр Мырзабаева да бар. Ол жолдасымен бірге бес бала тәрбиелеп отыр. Осы уақытқа дейін отбасы туыстарының үйінде тұрып келген, ал жеке баспана олардың арманы болған.

Гүлнұр Мырзабаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

– Мен 2020 жылдан бері көпбалалы ана ретінде тұрғын үй кезегінде тұрдым. Бүгін пәтер кілтін алып, Отбасы банкіне үлкен алғысымызды білдіреміз. Қуанышымызда шек жоқ.

Кезекте тұрған азаматтарға пәтер кілттерін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады. Отбасылар пәтерлерді «Ақжайық» шағын ауданынан сатып алған. Баспаналар толық әрленген күйде тапсырылды. Жаңа ауданда мектептер, балабақшалар және ыңғайлы көлік инфрақұрылымы қарастырылған.

Ляззат Ибрагимова, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы:

– Бүгін біз депозит ашып, тұрғын үй кезегінде тұрған жүз шымкенттік отбасыға пәтер кілттерін табыстадық. Олардың басым бөлігі – көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ жетім балалар.

Кезекте тұрған азаматтар баспананы бастапқы жарнасы небәрі 10 пайыз болатын жеңілдетілген шарттармен сатып алды. Тұрғын үйді бөлудегі негізгі критерий – кезекке қойылған күн. Бүгін Шымкентте «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова қоныс иелерінің үйлеріне де барып қайтты. Жаңа пәтерлерде ол дәстүр бойынша шашу шашып, отбасыларға амандық пен береке тіледі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×