Now Reading
Астана алғаш рет боччадан Әлем кубогының кезеңін өткізеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астана алғаш рет боччадан Әлем кубогының кезеңін өткізеді

Астана алғаш рет боччадан Әлем кубогының кезеңін өткізеді

2026 жылғы 1–9 маусым аралығында Қазақстан астанасында алғаш рет беделді халықаралық «Astana 2026 World Boccia Cup» турнирі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бұл — Паралимпиада жолындағы негізгі турнирлердің бірі саналатын бочча спортынан Әлем кубогының кезеңі. Аталған жарыс ресми рейтингтік жарыстар жүйесіне кіреді және Лос-Анджелесте өтетін алдағы Паралимпиада ойындарына іріктеудің маңызды кезеңі болып табылады.

Жарысты ұйымдастырушы — Қазақстан бочча федерациясы. Турнир Қазақстан Республикасының 2026 жылға арналған бірыңғай спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына ресми түрде енгізілген және заманауи «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

Әлем кубогына Қазақстан, Бразилия, Канада, Қытай, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Франция, Португалия сынды 24 елдің өкілдері қатысады.

Жарысқа әлемнің ең мықты 92 параспортшысы, сондай-ақ 143 маман мен делегация мүшесінің келуі күтілуде.

Әлем кубогының өз алаңымыздағы кезеңінде Қазақстан намысын 10 үздік спортшы қорғайды. Қатысушылар қатарында Астана қаласының өкілдері — Шингисханова Итиана, Алтынсары Темірлан және Алмат Ерхат бар.

Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, осындай ауқымды жарысты өткізу Қазақстанның паралимпиадалық спорт саласындағы халықаралық беделін нығайтып, елдің ірі әлемдік додаларды ұйымдастыру және инфрақұрылымдық дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді.

Astana 2026 World Boccia Cup турнирі ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның, «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорының, Eurasian Resources Group (ERG), KAZ Minerals, Kinopark және өзге де серіктестердің қолдауымен өтеді.

Жарыс бағдарламасы:

1 маусым — командалардың келуі, жаттығу күні және классификация (жабдықтарды тексеру);

2 маусым сағат 18:00-де — турнирдің салтанатты ашылу рәсімі;

3–6 маусым — жекелей жарыстар;

6 маусым — жекелей дисциплиналар жеңімпаздарын марапаттау рәсімі;

6–8 маусым — жұптық және командалық жарыстар;

8 маусым — жұптық және командалық санаттардағы жеңімпаздарды марапаттау рәсімі;

9 маусым — делегациялардың кетуі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×