2026 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы жетілдірілгені туралы хабарланды.
Енді тапсырысты екі тәсілмен растауға болады: QR-код арқылы қол қою немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы. Пайдаланушы өзіне ең қолайлы тәсілді өзі таңдайды.
Министрлікте QR-код арқылы қол қоюдың жаңа функциясы қауіпсіздік деңгейін арттырып, ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беру тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Тағы бір жаңашылдық – тауардың алынғанын SMS арқылы растау. Жеткізуші тауарды жеткізгенде немесе алушы оны өздігінен алып кеткен жағдайда, алушының ұялы телефонына бір реттік SMS-код жіберіледі. Код расталғаннан кейін тапсырыс автоматты түрде «Орындалды» мәртебесін алады. Бұл тауарды алу үдерісін барынша ашық әрі қауіпсіз етеді».
.