Now Reading
Білім беру гранттарына өтінім қабылдау басталды: талапкерлерге арналған негізгі мәліметтер
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Білім беру гранттарына өтінім қабылдау басталды: талапкерлерге арналған негізгі мәліметтер

Білім беру гранттарына өтінім қабылдау басталды: талапкерлерге арналған негізгі мәліметтер

Білім беру гранттарына өтінім қабылдау басталды: талапкерлерге арналған негізгі мәліметтер

Қазақстанда білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құжат қабылдау 13–20 шілде аралығында өтеді. Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау орталықтары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн), сондай-ақ eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсыруға болады.

Білім беру гранттарының иегерлері 10 тамызға дейін жарияланады.

«Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер жеке куәлігін, ҰБТ сертификатын, 3×4 көлеміндегі фотосуретті және жалпы орта білім туралы аттестатты (ТжКБ ұйымдарының түлектері үшін дипломды) ұсынуы қажет.

Сондай-ақ жеңілдік санаттары бойынша конкурсқа қатысу құқығын растайтын құжаттар болған жағдайда олар да ұсынылады», – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Гранттар конкурсына қатысу және ақылы бөлімге түсу үшін ҰБТ нәтижесі бойынша ең төменгі шекті баллдар мынадай болып белгіленді: «Педагогикалық ғылымдар» және «Құқық» бағыттары бойынша – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша – кемінде 70 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына – кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл.

Жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы оқуға қабылдау үшін шекті баллды өз бетінше белгілеуге құқылы.

Сонымен қатар қабылдау науқаны аясында ауылдық жерлерден келген талапкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарына арнайы қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, білім беру гранттары конкурсына қатысу кезінде мемлекет белгілеген квоталар қолданылады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×