Now Reading
Шымкентте инсультті ерте анықтауға арналған жасанды интеллект енгізілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Шымкентте инсультті ерте анықтауға арналған жасанды интеллект енгізілді

Шымкентте инсультті ерте анықтауға арналған жасанды интеллект енгізілді

Шымкентте инсультті ерте анықтауға арналған жасанды интеллект жүйесі енгізілді. Жаңа технология дәрігерлерге диагнозды жылдам қоюға және кей жағдайда науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін шешімдерді жедел қабылдауға көмектесіп жатыр. Алдағы уақытта бұл жүйені ультрадыбыстық диагностика мен эндоскопия салаларында да пайдалану жоспарланып отыр.

59 жастағы Шымкент тұрғыны Көбей Алданов өзін жайсыз сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ол инсультке күдікпен ауруханаға жеткізілді. Компьютерлік томографиядан кейін түсірілген кескіндерді жасанды интеллект жүйесі талдап, дәрігерлерге диагнозды қысқа мерзімде растауға және емдеуді дереу бастауға мүмкіндік берген.

Көбей Алданов, Шымкент қаласының тұрғыны:

– Қол-аяғым жансызданып қалды. Мені ауруханаға жеткізді. Диагнозды тез қойып, бірден емдеуді бастады. Қазір өзімді жақсы сезінемін, жағдайым айтарлықтай жақсарды.

Қанат Бекетаев, №1 қалалық клиникалық аурухананың компьютерлік томография дәрігері:

– Бұл жүйе бірден байқала бермейтін өзгерістерді анықтауға көмектеседі. Бұрын мұндай жағдайда көп уақыт кететін, кейде дәрігерлер консилиумын өткізу қажет болатын. Енді мұндай өзгерістерді әлдеқайда жылдам анықтауға мүмкіндік бар.

Қазақстанда жыл сайын шамамен 40 мың адам инсультке шалдығады. Оның үш мыңнан астамы Шымкент қаласында тіркеледі. Сондықтан мамандар жасанды интеллектті енгізуді шұғыл медициналық көмекті дамытудағы маңызды қадам деп бағалайды.

Бақытжан Позилов, №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері:

– Бұрын инсульт көбіне 60 жастан асқан адамдарда кездессе, бүгінде бұл дерт жасарып келеді. Науқасқа диагноз неғұрлым ерте қойылып, емдеу дер кезінде басталса, оның өмірін сақтап қалу және мүгедектіктің алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Жаңа технология медициналық көмекті жедел әрі тиімді көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда жасанды интеллект жүйесі Шымкенттегі бірнеше медициналық мекемеде қолданылып жатыр. Жақын арада технологияны ультрадыбыстық диагностика мен эндоскопия салаларына да енгізіп, ауруларды дәл анықтау мүмкіндігін кеңейту жоспарланған.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×