Now Reading
Астанада 180 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада 180 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылды

Астанада 180 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылды

Астанада балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда. Биыл елордада 242 мыңнан астам оқушыны жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда демалыстың алғашқы екі кезеңінің қорытындысы бойынша 180 мыңға жуық бала түрлі лагерьлер мен жазғы жобаларға қатысып, жазғы уақытын тиімді өткізді. Қазір үшінші маусым өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Жазғы демалысты ұйымдастыру барысында балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, олардың шығармашылық, спорттық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларды демалыспен қамтуға басымдық беріледі. Биылғы жазда 11 мыңнан астам бала сауықтыру шараларына қатысып, оның ішінде 2 681 оқушы жергілікті бюджет есебінен қала сыртындағы лагерьлерге жолдама алды.

Балаларды қабылдайтын ірі демалыс орындарының бірі – «Барап» балалар сауықтыру лагері. Жаз бойы мұнда 1 600-ден астам бала демалады. Лагерьде балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Олар спорттық жарыстарға, шығармашылық үйірмелерге, мәдени-танымдық және зияткерлік бағдарламаларға қатысып, жаңа ортада достар тауып, өз қабілеттерін дамытады.

Сонымен қатар елордада мектеп жанындағы және бейінді лагерьлер, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдары жанындағы тақырыптық клубтар жұмысын жалғастыруда. «Дидарлы жаз – 2026» жобасы аясында оқушылар спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын насихаттайды. Ал «Атамекен» этнолагерьлерінде ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптейтін танымдық бағдарламаларға қатысады.

Жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігі басты басымдықтардың бірі болып қала береді. Осыған байланысты білім беру ұйымдары полиция, төтенше жағдайлар қызметі, денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандарымен бірлесіп профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Барлық лагерьлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда.

Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына, жаңа білім мен тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар елордада жазғы маусым аяқталғанға дейін жүйелі түрде жалғасады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×