Now Reading
Алматыда Қазақстанда алғаш рет есту қабілетінің бұзылыстарын ерте анықтаудың бірыңғай жүйесі іске қосылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда Қазақстанда алғаш рет есту қабілетінің бұзылыстарын ерте анықтаудың бірыңғай жүйесі іске қосылады

Алматыда Қазақстанда алғаш рет есту қабілетінің бұзылыстарын ерте анықтаудың бірыңғай жүйесі іске қосылады

Жүйеге қаланың барлық перзентханалары мен бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары кезең-кезеңімен қосылады.

Алматы Қазақстанда есту қабілетінің бұзылыстарын ерте анықтаудың бірыңғай жүйесі іске қосылған алғашқы қала болды.

№5 қалалық клиникалық ауруханасында еліміздегі алғашқы аудиологиялық скринингті сүйемелдеуге арналған трекинг-орталық ашылды. Сонымен қатар есту қабілеті бұзылған науқастардың бірыңғай тіркелімі іске қосылды. Жобалар Сурдология құзыреттілік орталығының базасында жүзеге асырылуда.

Жаңа жүйе үш перзентхана, үш бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы және екі сурдологиялық кабинетті қамтыған «Мен естимін» пилоттық жобасы аясында сынақтан өтті. Пилоттық кезеңнің нәтижелері жүйенің тиімділігін және оны одан әрі кеңейту қажеттігін көрсетті.

«Трекинг-орталықтың ашылуымен біз Алматыдағы барлық перзентханалар мен бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын кезең-кезеңімен осы жүйеге қосамыз. Бұл есту қабілетінің бұзылыстарын ерте анықтау мен балаларды сүйемелдеудің бірыңғай бағытын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов.

«Мен естимін» жобасы баланы аудиологиялық скринингтен бастап диагностика, емдеу, есту аппараттарымен қамтамасыз ету және оңалту кезеңдеріне дейін толық сүйемелдеуді көздейді. Трекинг-орталық тексеру нәтижелерін нақты уақыт режимінде қабылдап, «жасыл дәліз» қағидаты бойынша қосымша диагностиканы ұйымдастырады және анықталған бұзылыстары бар балаларды үздіксіз бақылауда ұстайды.

Жүйе өз тиімділігін іс жүзінде дәлелдеді. 2026 жылдың басынан бері 11 баладан толық есту қабілетінің жоғалуы дер кезінде анықталды. Олардың барлығына кохлеарлық имплантация жасалып, қазіргі уақытта оңалтудан өтуде.

Жобаны кеңейткеннен кейін жыл сайын 90 мыңнан астам баланы аудиологиялық мониторингпен қамту жоспарланып отыр. Бұл есту қабілетінің ауыр бұзылыстары мен толық жоғалуын өмірінің алғашқы жылында анықтап, емдеуді дер кезінде бастауға мүмкіндік береді.

Бірыңғай тіркелім есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектер туралы мәліметтерді біріктіреді. Жүйе науқастарды диагностикадан бастап емдеу мен оңалтуға дейін үздіксіз сүйемелдеуді қамтамасыз етіп, мамандандырылған көмектің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Жыл басынан бері №5 қалалық клиникалық ауруханасының Сурдология құзыреттілік орталығының мамандары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында есту қабілетін жақсартуға бағытталған 200-ден астам ота жасады. Сонымен қатар 400-ден астам науқасқа есту аппараттарымен қамтамасыз етуге жолдама берілді.

Бүгінде орталық Қазақстанның барлық өңірлерінен келген науқастарға мамандандырылған көмек көрсетеді. Жүгінгендердің 58 пайызын Алматы қаласының тұрғындары құрайды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×