Now Reading
Қарағанды облысында жұмыссыз азаматтар сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытылуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарағанды облысында жұмыссыз азаматтар сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытылуда

Қарағанды облысында жұмыссыз азаматтар сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытылуда

Қарағанды облысында 340 жұмыссыз азамат еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуды бастады. Оқу курстары аяқталғаннан кейін олар тұрақты жұмыспен қамтылады.

Биыл жалпы саны 535 адам жаңа мамандық игереді. Оқыту колледждерде де, кәсіпорындар базасында да жүргізіледі. Курстардың ұзақтығы бір айдан алты айға дейін созылады. Ең көп сұранысқа ие мамандықтар қатарында дәнекерлеуші, аспаз, жүргізуші, тракторшы және веб-дизайнер бар.

Еңбек мобильділігі орталығының мәліметінше, қайта даярлау курстарына экономистер мен заңгерлер де жиі қатысады. Бағдарламаға қатысу үшін азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп, Enbek.kz порталы арқылы өтінім беруі қажет.

Қарағанды облысының Еңбек мобильділігі орталығының директоры Нұржан Сыздықов:

– Оқыту мемлекеттік қолдау аясында толықтай тегін жүргізіледі. Мемлекет әрбір қатысушының оқу ақысын төлейді, сондай-ақ шәкіртақы тағайындайды, медициналық тексеруден өту шығындарын 2 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде өтейді, жол жүру және тұру шығындарын да өтейді. Ай сайынғы шәкіртақы мөлшері – 43 734 теңге. Жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде оқу орталығы, жұмыс беруші, бағдарламаға қатысушы және Еңбек мобильділігі орталығы арасында төртжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады. Бағдарламаға жұмыссыз ретінде тіркелген, зейнеткерлік жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×