Now Reading
Қазақстандықтар мүгедектікті ресімдемей есту аппараттарын ала алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандықтар мүгедектікті ресімдемей есту аппараттарын ала алады

Қазақстандықтар мүгедектікті ресімдемей есту аппараттарын ала алады

Қазақстанда есту қабілеті бұзылған науқастарға мүгедектігінің бар-жоғына қарамастан, медициналық көрсетілімдер бойынша есту аппараттарын ала алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанда естуді оңалтуға қолжетімділік кеңейіп келеді. Енді есту қабілеті бұзылған науқастар мүгедектігінің бар-жоғына қарамастан, медициналық көрсетілімдер бойынша есту аппараттарын ала алады. Жаңа қамтамасыз ету тетігін Денсаулық сақтау министрлігі әзірледі. Бұл туралы ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің міндетін атқарушы директоры Жанар Сәдуова мәлімдеді», – делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік қолдау аясында есту аппараттары тек есту қабілеті қатты бұзылған мүгедектігі бар азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін. Заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін естуді протездеу дәрігер-сурдологтың медициналық көрсетілімдер бойынша тағайындаған науқастар де есту аппаратын алуға құқылы болды.

Есту аппаратын алу үшін науқас дәрігер-сурдологтың тексеруінен өтуі қажет. Мамандар есту қабілетінің бұзылу дәрежесін анықтап, тиісті құрылғыны таңдайды және медициналық қорытынды рәсімдейді.

Бағдарлама аясында науқастарды есту аппараттарымен қамтамасыз етумен қатар, құрылғыны жеке таңдау және баптау, құлақ ішпегін дайындау, науқастарды оқыту, сондай-ақ кепілді және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету қарастырылмақ.

«Сонымен қатар елімізде, әсіресе балалар арасында, есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтау жүйесі дамып келеді. Аудиологиялық скринингті цифрлық бақылау енгізілгеннен кейін балалар арасында анықталған есту қабілетінің бұзылу жағдайларының саны үш еседен астам өсті. Бұл дәрігерлерге емдеу мен оңалтуды ертерек бастауға мүмкіндік береді. Бүгінде Қазақстанда диагностика жүргізілетін, есту аппараттары таңдалатын және есту-сөйлеу оңалтуы жүзеге асырылатын мамандандырылған сурдологиялық кабинеттер жұмыс істейді. Есту қабілетінен ауыр дәрежеде айырылған балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі аясында заманауи емдеу әдістері, соның ішінде кохлеарлық имплантация және сүйек өткізгіштігі импланттарын орнату қолжетімді», – делінген ақпаратта.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, медициналық талаптарға сай келетін есту аппараттарының заманауи үлгілерін іріктеу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілген. Тізімге есту қабілетінің төмендеу дәрежесі әртүрлі науқастарға арналған қуаттылығы әртүрлі құрылғылар енгізілген.

Ведомство сондай-ақ нормативтік және ұйымдастырушылық дайындық жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Келесі кезеңде өңірлер қаржы бөліп, сатып алу рәсімдерін өткізеді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×