Now Reading
Алматыда 20 мың оқушы жаңа оқу жылына орай көмек алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда 20 мың оқушы жаңа оқу жылына орай көмек алады

Алматыда 20 мың оқушы жаңа оқу жылына орай көмек алады

Алматыда балаларды жаңа оқу жылына дайындау кезінде отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған республикалық «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Бүгінде әлеуметтік осал санаттарға жататын 7669 бала көмек алды. Акцияға алматылық демеушілер мен меценаттар да қосылды.

Болжам бойынша, қайырымдылық көмегі тағы 8160 балаға көрсетіледі. Олардың 3968-і қажетті қолдауды алып үлгерді.

Бөлінген қаражатқа оқушылар мектеп формасын, киім-кешек, сөмке және кеңсе тауарларын сатып алды.

Отбасыларға балаларды оқу жылына дайындауды жеңілдету үшін қалада мектеп тауарларының 18 жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда ата-аналар қажетті оқу құралдарын, киім-кешек пен мектепке қажетті басқа да тауарларды сатып ала алады.

Білім беру үдерісінен түрлі себептермен тыс қалуы мүмкін балаларға ерекше көңіл бөлінуде. Акция аясында оқудан жалтарып жүрген кәмелетке толмағандарды, балалар еңбегіне қатысты фактілерді және басқа да проблемалық жағдайларды анықтау бойынша рейдтер өткізілуде.

Бүгінде Алматыда мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізілді. Оларға білім беру жүйесінің, қорғаншылық органдарының, полицияның, ҮЕҰ-лардың, ата-аналар қауымдастығының және БАҚ өкілдері қатысуда.

Еске салайық, мемлекеттік қолдау жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көрсетіледі.

Төлем алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың оқу орны бойынша білім беру ұйымына жүгініп, тиісті құжаттарды ұсынуы қажет.

«Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Оның басты мақсаты – көмекке мұқтаж әрбір баланы қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз етіп, оқу жылының басталуына тең мүмкіндік жасау.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×