Өз өнімдерін еліміздің түрлі өңірлерінен келген өндірушілер ұсынады.
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.
Keryen Joly сауда орталығы (Алаш көшесі, 35Б) және Era Bazary базары (Қорғалжын тасжолы, 96).
26 және 27 қыркүйек күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары ет, балық, сүт өнімдерін, көкөністер мен жемістерді, нан-тоқаш өнімдерін, шырындар, тосап, джем және басқа да тауарларды сатып ала алады.
Жәрмеңке өтетін орындардың маңында №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 66, 81, 305, 307, 312 және 317 автобус бағыттары аялдайды.
Өңірлік жәрмеңкелер Астанада әр демалыс сайын 25 қазанға дейін өтеді:
3–4 қазан – Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары;
10–11 қазан – Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары;
17–18 қазан – Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары;
24–25 қазан – Қарағанды және Қостанай облыстары.