Now Reading
Мүгедектігі бар адамдарды компенсациялық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі өзгерді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар адамдарды компенсациялық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі өзгерді

Мүгедектігі бар адамдарды компенсациялық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі өзгерді

Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету тәртібі өзгерді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларына түзетулер енгізді.

Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына бірқатар толықтырулар енгізілді.

Енді өтініште немесе құжаттарда қателер мен дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келмеген немесе құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкері немесе қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімінің маманы цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдап, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді.

Бұл ретте ұсынылған құжаттар, оның ішінде түпнұсқалар да, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкері немесе қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімінің маманы сақтау үшін қабылдамай, өтініш берушіге қайтарылады. Бұл талап веб-портал және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы берілген өтініштерге қолданылмайды.

Қайта ұсынылатын құжаттар анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін, қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған мерзім шегінде тапсырылады.

Анықталған кемшіліктерді жою үшін екі жұмыс күні беріледі. Бұл мерзім тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.

Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылса, мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш пен құжаттар қабылданған күн ретінде өтініш берушінің бастапқы жүгінген күні есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жалғасады.

Құжаттар топтамасы талаптарға сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарманың немесе жұмыспен қамту бөлімінің маманы оларды бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болған жағдайда, өтініш берушімен тыңдау рәсімі өткізілмейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы өтініш берушінің ұялы телефонына SMS-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

Қалалық басқарманың немесе жұмыспен қамту бөлімінің маманынан хабарлама алғаннан кейін Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету нәтижесін бір ай бойы сақтайды. Осы мерзім өткен соң құжаттар одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға немесе жұмыспен қамту бөлімдеріне беріледі.

Егер өтініш беруші бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша қалалық басқарма немесе жұмыспен қамту бөлімі дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

Мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі де нақтыланды. Енді мұндай құралдар өтініш берілген күннен бастап 365 күнге есептелген жылдық норма шегінде беріледі.

Егер мүгедектігі бар адамның жеке абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында қамтамасыз ету мерзімі бір жылдан аз уақытқа белгіленсе, құралдар нақты қамтамасыз ету кезеңіне пропорционалды түрде, бірақ белгіленген жылдық нормадан аспайтын мөлшерде беріледі.

Міндетті гигиеналық құралдар мүгедектігі бар адамдарға бір жылға мынадай мөлшерде беріледі:

• зәрді және (немесе) нәжісті ұстай алмау түріндегі жамбас ағзалары функциясының бұзылуы бар адамдарға арналған жөргектер — жылына 1 460 дана. Құралдар тоқсан сайын кемінде 360 данадан беріледі. Шалғай аудандарда (ауылдарда) тұратын мүгедектігі бар адамдардың қалауы бойынша оларды жылына бір рет беруге болады.

Проактивті қызмет арқылы кресло-арбаны рәсімдеу кезінде қажетті мәліметтерді алу үшін цифрлық жүйелерге сұрау салу «Е-Собес» АЦЖ-дан автоматты түрде жүзеге асырылады.

Протездік-ортопедиялық құралдарды ауыстыру мерзімдері де жаңартылды:

• ортопедиялық аяқкиім — жылына бір рет маусымдық қажеттілік ескеріле отырып, бір жұп жазғы және бір жұп қысқы аяқкиім;

• күрделі ортопедиялық аяқкиім (етік түрінен басқа) — жылына бір рет маусымдық қажеттілік ескеріле отырып, бір жұп жазғы және бір жұп қысқы аяқкиім;

• аппаратқа немесе протезге арналған аяқкиім — жылына бір рет маусымдық қажеттілік ескеріле отырып, бір жұп жазғы және бір жұп қысқы аяқкиім.

Бұйрық 18 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Қазақстанда Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өнім берушілерді тіркеу тәртібі өзгергені туралы хабарлаған едік.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×