Now Reading
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала есепте тұр – Бектенов
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала есепте тұр – Бектенов

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала есепте тұр – Бектенов

Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала есепте тұр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

«2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 217 бала есепте тұр. Олардың 13 597-сінде тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар. Әр баланың жеке қажеттіліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, оларға білім берудің түрлі нысандары, соның ішінде арнайы сыныптарда оқыту қарастырылған. Барлығы 1 149 арнайы сынып ашылған, оның 155-і тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған. Инклюзивті білім беру жағдайында тірек-қимыл аппараты бұзылған 5 158 бала білім алады. Бұл санаттағы оқушыларға арналған әлеуметтенуге, бейімделуге және кәсіби бағдар беруге бағытталған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары бекітілген», – деп жауап берді Бектенов «Әділет» және Respublica партияларынан Құрылтай депутаттарының сауалына.

Оның мәліметінше, 10 арнайы мектеп-интернатта 1 500 бала білім алады. Онда әлеуметтік-тұрмыстық кабинеттер жабдықталған және 32 шеберхана жұмыс істейді. Атап айтқанда, тігін, аяқкиім тігу, ағаш және металл өңдеу, сылақ және бояу жұмыстары, көгалдандыру, аспаздық және гүл өсіру бағыттары қамтылған. Интеллектуалдық дамуында бұзылыстары бар түлектер үшін 10-сыныптың өндірістік сыныптары ашылған. Жыл сайын түлектердің 80 пайыздан астамы колледждерде оқуын жалғастырады.

«Кешенді жоспарға сәйкес, қолжетімді білім беру ортасын дамыту бойынша қосымша шаралар қабылданып жатыр. Арнайы сыныптардың саны көбейтіліп, тірек-қимыл аппараты бұзылған әр баланы сапалы сүйемелдеу үшін мамандардың, оның ішінде психологиялық-педагогикалық бейіндегі мамандардың, әлеуметтік педагогтер мен жеке көмекшілердің штат саны ұлғайтылды. Бұл шаралар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға қолжетімділігін және онымен қамтылуын арттыруға, сондай-ақ кәсіби бағдар беріп, оларды дербес өмірге дайындауға мүмкіндік берді», – деп толықтырды Премьер-министр.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың «Болашақ» халықаралық бағдарламасына қатысуына арналған жеке квота енгізу мәселесіне қатысты ол білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі – адамның зияткерлік, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы білім алуға тең құқықтары мен оның қолжетімділігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Болашақ халықаралық стипендиясы барлық үміткерге мүгедектігінің бар-жоғына қарамастан, тең шарттарда конкурстық негізде тағайындалады. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен іріктеу қағидаларына сәйкес, зияткерлік әлеуеті сақталған мүгедектігі бар адамдардың халықаралық білім алуына қолжетімділік қамтамасыз етілген. Қолданыстағы іріктеу тәртібі белгіленген біліктілік талаптарын сақтаған жағдайда мүгедектігі бар адамдардың өзге үміткерлермен тең дәрежеде конкурсқа қатысуына мүмкіндік береді. Бағдарламада көзделген жеңілдіктер басым бағыттарды, соның ішінде жасанды интеллект, атом энергетикасы, инженерия, медицина және басқа да салаларды ескере отырып бөлінеді», – делінген жауапта.

Сонымен қатар «Болашақ» халықаралық стипендиясының жеке сипатқа ие екені және стипендиаттың оқуына немесе ғылыми тағылымдамадан өтуіне тікелей байланысты шығындарды қаржыландыруға бағытталғаны атап өтілген.

«Болашақ бағдарламасына мүгедектігі бар адамдардың қатысу тетігін одан әрі дамыту азаматтардың осы санатының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, халықаралық білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және өзге де жағдайларды кезең-кезеңімен жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, бағдарламаның қолданыстағы тетігі белгіленген талаптарға сәйкес келетін барлық үміткерге мүгедектігінің бар-жоғына қарамастан, конкурстық іріктеуге тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік береді», – деп толықтырды Үкімет басшысы.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, мүгедектігі бар адамдар Қазақстандағы және инклюзивті қолдау деңгейі жоғары халықаралық гранттық бағдарламаларға қатыса алады.

Мүгедектігі бар балаларға арналған мемлекеттік қолдау шараларын ведомствоаралық талдау және оларды баланың жеке қажеттіліктеріне қарай саралау мәселесіне қатысты Бектенов «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында 2026 жылдың соңына дейін мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің бірыңғай цифрлық платформасы – интеграцияланған модульді енгізу жоспарланғанын мәлімдеді.

«Бұл модуль қолдау шаралары, көрсетілетін қызметтер және баланың жеке жоспары туралы мәліметтерді біріктіруге, қанағаттандырылмаған қажеттіліктерді анықтауға, ведомствоаралық деректер негізінде жетіспейтін қызметтерді автоматты түрде айқындауға және қолдау шараларының қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді», – деді Үкімет басшысы.

Оның мәліметінше, азаматтардың жекелеген санаттарына тегін тамақ беру, қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру, білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсету сияқты мемлекеттік қызметтер іске асырылған. Қазіргі уақытта олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр.

«Мүгедектігі бар балаларға (адамдарға) кешенді көмек көрсету кезінде мәліметтермен ведомствоаралық автоматтандырылған алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ баланың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қолдау жоспарын жүргізу және мониторингтеу мақсатында әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің интеграцияланған модулі іске қосылды. Қолдау шаралары туралы деректерді бірыңғай цифрлық алаңда шоғырландыру олардың қамтылу деңгейін талдауға, қызметтердің қайталануын болдырмауға және қамтамасыз етілмеген қажеттіліктерді анықтауға мүмкіндік береді», – деп толықтырды Премьер-министр.

Оның айтуынша, осы талдаудың нәтижелері баланың жеке қажеттіліктеріне қарай қолдау шараларын саралау жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге және көмектің атаулылығын арттыруға негіз болады.

«Мемлекет деңгейінде қабылданып жатқан шешімдер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы, атаулы және уақтылы мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылауында. Үкімет Құрылтай депутаттарымен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және инклюзивті қоғамды дамыту тетіктерін жетілдіру жұмысын жалғастырады», – деп түйіндеді Бектенов.

Бұған дейін депутаттар мүгедектігі бар балаларды қолдаудағы әмбебап тәсілден олардың нақты мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескеретін жеке жүйеге көшуді ұсынған болатын. Бұл ретте зияткерлік қабілеті сақталған, қозғалысында бұзылыстары бар балаларға басымдық беру қажеттігі атап өтілді.

Осы мақсатта депутаттар бейімделген білім беру бағдарламалары мен ресурстық сыныптар құруды, «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасына қатысу үшін арнайы жағдайлар қарастыруды, қолжетімді спорт мекемелеріндегі сабақтар құнының 70–100 пайызын өтеуді және отандық оңалту технологиялары мен құрылғыларын әзірлеуге арналған мемлекеттік гранттар бағдарламасын іске қосуды ұсынды.

Сондай-ақ депутаттар Үкіметтен қолданыстағы қолдау шараларына талдау жүргізіп, олардың қайсысын балалардың жеке ерекшеліктеріне қарай саралау қажеттігін анықтауды сұрады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×