Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
Құжатқа сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 8,5%-ға арттыру көзделген.
Бұл шараның мақсаты — төлем алушылардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру.
Қаулы жобасы 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Бұған дейін Үкімет жәрдемақылар тізбесі мен оларды тағайындау шарттарын бекіткені туралы хабарлаған едік.
Сондай-ақ 2027 жылы Қазақстанда қандай отбасылар мемлекеттік төлемдерден айырылуы мүмкін екені туралы жазған болатынбыз.