Now Reading
Мектеп оқушылары мен жеңілдік санатындағы азаматтарға арналған көлік карталарын енді Tarlan Astana станцияларында рәсімдеуге болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мектеп оқушылары мен жеңілдік санатындағы азаматтарға арналған көлік карталарын енді Tarlan Astana станцияларында рәсімдеуге болады

Мектеп оқушылары мен жеңілдік санатындағы азаматтарға арналған көлік карталарын енді Tarlan Astana станцияларында рәсімдеуге болады

17 қазаннан бастап автобустар мен жеңіл рельсті көлікте жол ақысын төлеуге арналған атаулы мектептік және жеңілдік көлік карталарын Tarlan Astana-ның барлық станциясында рәсімдеуге болады.

Осылайша, көлік карталарын рәсімдейтін мамандандырылған кассалардың саны артады. Бұл елорда тұрғындары үшін қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Атаулы көлік карталарын мына азаматтар рәсімдей алады:

• елордадағы оқу орындарында білім алатын 7-18 жас аралығындағы оқушылар;

• Астанада тіркелген және тұрақты тұратын, сондай-ақ елордалық мәслихат бекіткен жеңілдік санаттарына жататын азаматтар.

Мектептік көлік картасын рәсімдеу үшін мына құжаттар қажет:

• ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке куәлігінің, не паспортының түпнұсқасы;

• баланың ЖСН-і көрсетілген туу туралы куәлігінің түпнұсқасы;

• Астана қаласындағы оқу орнынан берілген анықтаманың түпнұсқасы;

• өлшемі 3 × 4 немесе 4 × 6 сантиметр болатын түрлі түсті фотосурет.

Жеңілдік көлік картасын рәсімдеу үшін мына құжаттар қажет:

• жеке куәліктің немесе паспорттың түпнұсқасы;

• зейнеткерлік куәліктің түпнұсқасы;

• өлшемі 3 × 4 немесе 4 × 6 сантиметр болатын түрлі түсті фотосурет.

EGov Mobile мобильді қосымшасындағы цифрлық құжаттар, соның ішінде «Әлеуметтік ID» де жарамды.

Жеңілдікпен жол жүру құқығы бар азаматтар санаттарының тізімімен CTS сайтында жарияланған жария шартқа қосымшадан танысуға болады.

Бұған дейін Астанада қоғамдық көлікте жол жүру және багаж тасымалдау тарифтері өзгеретіні хабарланған еді. Жол жүру ақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×