Now Reading
Асық атудан киберспортқа дейін: Астанада «Жұлдызай» инклюзивті ойындары өтіп жатыр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Асық атудан киберспортқа дейін: Астанада «Жұлдызай» инклюзивті ойындары өтіп жатыр

Асық атудан киберспортқа дейін: Астанада «Жұлдызай» инклюзивті ойындары өтіп жатыр

Астанада Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 600 жас спортшының басын қосқан «Жұлдызай-26» ұлттық инклюзивті ойындары өтуде. Биылғы бағдарламаға алғаш рет киберспорт пен блайнд-футбол енгізілді. Бұл туралы «Жұлдызай» қоры хабарлады.

Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі 14 қазанда өтті. Елордаға Қазақстанның барлық өңірінен командалар келді. Үш күн бойы 10-16 жас аралығындағы қатысушылар спорттың тоғыз түрінен бақ сынайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жас спортшылар үшін республикалық жарыстарға қатысу — өз мүмкіндіктерін сынап көруге, туған өңірінің намысын қорғауға және спорттағы жетістіктерінің мойындалуына мүмкіндік.

Көп жылдан бері «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындары еліміздің әр түкпіріндегі балаларды, жаттықтырушылар мен отбасыларды біріктіріп келеді. Ойындардың маңызы жарыс алаңдарымен ғана шектелмейді. Олар балаларды спортпен тұрақты айналысуға ынталандырады, қабілеттерін ашуға көмектеседі және Қазақстанда бейімделген спортты дамытуға назар аудартады. Қайырымдылық ұйымының мәліметінше, жаттығулар мен жарыстарға қатысу мүмкіндігінің кеңеюі балалардың спорттық және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашады.

«Балалар үшін «Жұлдызай»— жыл бойы асыға күтетін ең маңызды оқиғалардың бірі. Олар осы жарыстарға қатысу үшін күн сайын жаттығады. Біздің мақсатымыз — әрбір жас қатысушының өз күшіне сенуіне, жеңіс қуанышын сезінуіне және нағыз чемпионның жолынан өтуіне мүмкіндік жасау. Біз әр баламызды шын жүректен мақтан тұтамыз», — деп атап өтті «Жұлдызай» қорының директоры Гүлхан Исабаева.

Ойындар бағдарламасына спорттың тоғыз түрі енгізілген: жеңіл атлетика, шағын футбол, үстел теннисі, асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, шоудаун, киберспорт және блайнд-футбол. Жоба командасының пікірінше, спорт түрлерінің алуан түрлілігі қатысушыларға жылдамдық, төзімділік, мергендік, стратегиялық ойлау және командалық жұмыс дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді. Бағдарламаға алғаш рет енгізілген блайнд-футбол көру қабілеті бұзылған жас спортшылардың жарысқа қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Ал киберспорт балаларға өз дағдыларын дамытып, жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін тағы бір бағытты ашады.

Жарыстар елорданың төрт нысанында өтуде: Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде, Инклюзивті спорт орталығында, Riviera International School мектебінде және Паралимпиадалық жаттығу орталығында.

«Жұлдызай — жай ғана жарыс емес. Бұл — біз, жаттықтырушылар мен балалар, жыл бойы дайындалатын мереке. Ойындар балаларға жігер береді, спорттық мінезін шыңдайды және өздерін чемпион ретінде сезінуге көмектеседі. Біз балаларымызды мақтан тұтамыз және осы жарыстардың жыл сайын өтуіне үлес қосып жүрген ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғыс айтамыз», — деді Ақтөбе қаласынан келген бас жаттықтырушы Қаржау Тинеев.

Сондай-ақ «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен 2026 жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесіне енгізілгені хабарланды.

Ойындарды ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін «Жұлдызай и К» қоғамдық қоры ұйымдастырады. Бас серіктестері — BI Group құрылыс холдингі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры. Жарыстарды өткізуге өңірлердің әкімдіктері, спорт және білім басқармалары, спорт федерациялары да қолдау көрсетті. Ақпараттық серіктес — Qazsport телеарнасы.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×