Елорда спортшысы Алтынай Ержанқызы үстел теннисінен Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды
Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында елордалық спортшы Алтынай Ержанқызы пара үстел теннисінен қола жүлдеге ие болды.
Астана қаласының өкілі XD20 класында аралас жұптық сында Марат Сұртубаевпен бірге жарысты.
Қазақстандық жұп жартылай финалға дейін жетіп, онда Гонконг өкілдері Лам Ян Ю және Вонг Хон Ламмен кездесті.
Кездесу қарсыластардың 3:0 (11:7, 11:4, 11:8) есебімен жеңісімен аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарында елордалық спортшылардың медаль қоржынына тағы бір жүлде қосты.