Now Reading
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту бағдарламасы тұрақты онлайн сабақтармен толықтырылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту бағдарламасы тұрақты онлайн сабақтармен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту бағдарламасы тұрақты онлайн сабақтармен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту бағдарламасы тұрақты онлайн сабақтармен толықтырылды

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамыту ұлттық ғылыми орталығы кохлеарлық импланты бар балаларға арналған қашықтан есту-сөйлеу оңалтуын ұйымдастырды. Онлайн сабақтар дәстүрлі форматтағы курстарды толықтырып, отбасыларға тұрғылықты жеріне қарамастан мамандармен тұрақты байланыста болуға мүмкіндік береді.

 

Алғашқы қашықтан оқыту курсы 2026 жылғы 1 қазан мен 1 қараша аралығында өтті. Оған еліміздің тоғыз өңірінен 3 пен 7 жас аралығындағы 16 бала қатысты. Қатысушылардың 12-сі ауылдық жерлерде тұрады.

 

Кохлеарлық имплантациядан кейін баланың дыбыстарды ажырату, сөйлеуді түсіну және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру қабілеттерін дамыту үшін жүйелі сабақтар қажет. Алайда шалғай елді мекендерде тұратын отбасылардың сурдопедагогтарға, логопедтерге және басқа да бейінді мамандарға тұрақты түрде жүгіну мүмкіндігі шектеулі.

 

Қазіргі уақытта Орталықтың филиалдары еліміздің сегіз өңірінде жұмыс істейді. Жыл сайын оларда 234 балаға арналған күндізгі оңалтудың 936 курсы өткізіледі. Ал филиалдары жоқ аудандардан келген тағы 150 бала Орталықта тәулік бойы болу форматында оңалтудан өтеді.

 

Күндізгі оңалтудың курстары арасындағы үзіліс бірнеше айға созылуы мүмкін. Осы кезеңде балаларға үздіксіз қолдау көрсету мақсатында Орталық ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап есту-сөйлеу қабілетін үздіксіз оңалту бағдарламасын іске асыруда. Бағдарлама мамандардың баламен тікелей жұмысын, қашықтан өткізілетін сабақтарды және ата-аналардың қатысуымен орындалатын үй тапсырмаларын біріктіреді.

 

Әр бала үшін оның жасын, даму деңгейін және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жеке оңалту маршруты әзірленеді. Қажеттілігіне қарай сабақтарды сурдопедагог, логопед, дефектолог немесе психолог өткізеді. Мамандармен онлайн кездесулер аптасына екі рет, яғни айына сегіз рет ұйымдастырылады.

 

Алғашқы курс барысында Орталықтың сегіз педагогі 128 онлайн сабақ өткізді. Отбасыларға ыңғайлы болу үшін сабақтар ата-аналардың жұмыс кестесі мен балалардың күн тәртібін ескере отырып, екі ауысымда ұйымдастырылды.

 

Ата-аналардың қатысуы – бағдарламаның маңызды бөлігі. Мамандар оларға ұсынымдар беріп, баламен бірге орындауға арналған үй тапсырмаларын ұсынады. Мұндай сабақтарға арналған 80 бейнесабақ отбасылардың қолжетімділігінде.

 

Сондай-ақ ата-аналар жаттығулардың орындалу нәтижелерін тіркеп, мәліметтерді мамандарға жолдайды. Бұл баланың дамуындағы өзгерістерді бақылауға, туындаған қиындықтарды талқылауға және алдағы сабақтарды жоспарлауға мүмкіндік береді.

 

Бағдарлама аясында әр үш ай сайын баланың даму динамикасына бағалау жүргізу көзделген. Оның нәтижелері бойынша мамандар қажет болған жағдайда жеке оңалту маршруты мен отбасыға арналған ұсынымдарды түзетеді.

 

Қашықтан оқыту форматы дәстүрлі курстар арасындағы кезеңде балаларға көрсетілетін қолдау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Отбасылар мамандардан тұрақты көмек алып, оңалту жұмыстары әр баланың қажеттіліктерін ескере отырып жалғасады.

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×