Маңғыстау облысында мүгедектігі бар ерлі-зайыптылар ерекше кәсіппен айналысты.
Маңғыстау облысы Қызан ауылының тұрғындары Қылышбек Сәрсенғожин мен оның жұбайы Маржангүл Жұманазарова сөйлеу қабілетінен айырылды. Бірақ, соған қарамастан, ерлі-зайыптылар әдеттен тыс кәсіппен айналысады. Қылышбек темірден, ағаштан жасалған бұйымдарды шебер жасайды. Ал жұбайы Маржангүл ұлттық киім тігумен айналысады.
«Ол түрлі өлшемдегі көкірекше мен күртешелерді жасайды. Тапсырыс беруші қайта шақыруды талап етпейді. Ол керемет шебер. Келіннің өнерін байқап, шеберхана аштық», — деді енесі Жайшы Байдуллаева.