Жыл басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар жандар 210,6 мың техникалық оңалту құралдарын, 6,5 мыңы ымдау тілі қызметін, 25,3-і жеке көмекші, 29,4 мыңы санаторий-курорттық ем алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Портал мүгедектігі бар адамдарға техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өздігінен таңдауға мүмкіндік береді. Көмек көрсету түріне тапсырыс көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берген техникалық оңалту құралдарын жеткізу немесе өздігінен жеткізу арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған арбаларымен қамтамасыз етуді қамтиды.
Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 854 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімше), 441 оңалту техникалық құралдарымен қамтамасыз етуші, 27 мыңнан астам жеке көмекші қызметтерін көрсетуші, 696 ымдау тілі және 106 санаторий-курорттық емдеуші тіркелген.
«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ұлттық жоспардың шеңберінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған Порталдағы комиссияларға жаңа өкілеттіктер беріледі: мүгедектігі адам өтінішін 5 күн ішінде қабылдау және қарау. сапасыз өнім немесе қызмет; жеткізушіге анықталған кемшіліктерді түзету мерзімдері көрсетілген хат жолдау және оның орындалуын бақылау; жеткізушіні порталдан шығару және оны жосықсыз жеткізушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдау.
Порталды пайдалану бойынша кеңестерді 1414 бірыңғай нөмірі арқылы қол жеткізуге болатын байланыс орталығынан алуға болады.