Өскеменде аутизммен ауыратын балаларға арналған алғашқы спорт және ойын алаңы ашылды.
Бұрын Түзеу және оңалту орталығының жас емделушілері тек ғимарат ішінде ғана дене шынықтырумен айналысатын болса, енді олар ашық ауада көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік алды. Олар үшін әрбір ұсақ-түйек ойластырылған: арнайы жабын төсеп, ең қауіпсіз турниктерді, әткеншектерді, сырғанақтарды және тренажерлердің 4 түрін орнатқан. Аталмыш ойын алаңын дамытуға еліміздегі қайырымдылық қорларының бірі 20 миллион теңге бөлген. Ал жергілікті билік жер телімін рәсімдеуге көмектескен. Бүгңнде орталықта барлығы 135 бала білім алуда.
Лилия Мамбурова, Түзеу және оңалту орталығының жетекшісі:
-Бұл алаңның ерекшелігі неде? Алаң аутизм спектрі бұзылған балалардың барлық ерекшеліктерін ескере отырып арнайы жабдықталған. Мұнда көптеген түрлі тренажерлер, вестибулярлық аппаратты дамытуға арналған әртүрлі шағын архитектуралық формалар бар. Көптеген тактильді жабындар орнатылған.