Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкімет қаулысын дайындады.
Атап айтқанда, кездесулер онлайн-трансляция арқылы ашық және мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде жүргізілетіні туралы түзету енгізілді.
Президенттің немесе Премьер-Министрдің бастамасы бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.
Қағидада, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, үкіметтің ашық отырысының қорытындылары отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей интернет-ресурста орналастырылады деп толықтырылған.
«Онлайн трансляция жүргізу кезінде азаматтарға пікір қалдыруға мүмкіндік беріледі», — делінген ережеге қосымшада.
Түсіндірілгендей, өзгерістер ақпаратқа қолжетімділік туралы заңға байланысты енгізілуде.
Қаулы 2024 жылдың 4 сәуірінен бастап күшіне енеді.
Құжат 20 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.