Now Reading
Мүгедектігі бар қазақстандықтар әуе және теміржол билеттерін сатып алу кезінде қандай жеңілдіктер ала алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар қазақстандықтар әуе және теміржол билеттерін сатып алу кезінде қандай жеңілдіктер ала алады

Мүгедектігі бар қазақстандықтар әуе және теміржол билеттерін сатып алу кезінде қандай жеңілдіктер ала алады

Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар билет құнынан 70 пайызға дейін жеңілдік ала алады.

Қазақстандағы мүгедектігі бар жолаушылар мен оларды алып жүретін адамдар пойыз бен ұшақ билеттерін сатып алу кезінде қандай жеңілдіктерді ала алады, деп хабарлады ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Темір жол көлігінде мүгедектігі бар барлық топтағы адамдар мен мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша билет құнының 50%-ы мөлшерінде, ал коммерциялық бағыттар бойынша жол жүру құнының 70%-ға дейінгі мөлшерінде жеңілдіктер пайдалана алады.

Әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттарында І топтағы мүгедектігі бар жандар тегін жүре алады, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар жол жүру ақысының 50%-ы көлемінде жеңілдік ала алады.

Барлық «Тальго» коммерциялық пойыздары ілесіп жүретін жолаушыға билет құнына 70% жеңілдік ұсынады.

Авиация саласында мүгедектігі бар жандарға жеңілдіктер авиакомпаниялардың қалауы бойынша беріледі:

* Air Astana ауыр науқастарға тарифтер мен жеңілдіктер ұсынады.

* Fly Arystan Komek пилоттық жобасы бойынша бірінші топтағы мүгедектігі бар жолаушылар мен онымен бірге жүретін адамға әуе билетінің бағасына 50% жеңілдік береді.

* Scat жылына бір рет ішкі бағыттарда мүгедектігі бар балалар мен I топтағы мүгедектігі бар жандарғп 100%, II топтағы мүгедектігі бар жандарға 50% жеңілдік береді.

* Басқарма төрағасының шешімімен Qazaq Air ауыр науқастар мен мүгедектігі бар балаларға жеңілдіктер береді.

Көлік министрлігі Ішкі істер министрлігімен және елорда әкімдігімен бірлесіп жеке таксилерді мүгедектігі бар жандарға арналған мамандандырылған тұрақтарға қою, сондай-ақ арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін пысықтағаны атап өтілді. Мамандандырылған автотұрақтарға қою құқығын пайдалану үшін «Инватакси» тасымалдаушылары көліктерінің алдыңғы және артқы терезелеріне «Мүгедектігі бар адам» сәйкестендіру белгісін жапсыруы қажет.

Арнайы белгіленген автобус жолақтарымен жүру үшін тасымалдаушылар әкімдікке хабарлама беріп, көлік құралының сыртқы дизайнын қамтамасыз етуі қажет.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×