Now Reading
Сенатор әйелдерге арналған білім беру орталықтарына гранттарды беруді ұсынып отыр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Сенатор әйелдерге арналған білім беру орталықтарына гранттарды беруді ұсынып отыр

Сенатор әйелдерге арналған білім беру орталықтарына гранттарды беруді ұсынып отыр

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп әйелдерге арналған ақпараттық-кеңес беру орталықтарын қолдауға шақырады.

 

Сенатордың айтуынша, 2021 жылдан бастап елордада көп балалы және жалғызбасты аналарға, қиын өмірлік жағдайдағы аналарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеуге көмектесетін «Бақытты отбасы» орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық қазіргі уақытта әртүрлі мамандықтар бойынша 20-дан астам білім беру курстарын ұйымдастырады, оларда 2,5 мың әйел оқуды аяқтады. Оның үстіне, олардың 80%-ы өз ісін ашып, орталық заңгерлерінің қолдауымен мемлекеттік грантқа құжат тапсырып, ие болды.

 

— «Бақытты отбасы» білім беру орталығы бір жағынан әйелдерге рухани қолдау көрсетеді. Мұнда олар жаңа мамандықтарды меңгере алады. Екінші жағынан, бұл – халқымыздың этнографиялық мұрасы сақталып, таралатын жер. Осы орайда облыстар мен облыс орталықтарында осындай орталықтардың ашылуына қалай қарайсыз? Мемлекеттен арнайы гранттық көмек көрсетуге бола ма? Осы үлгідегі орталықтардың өнімдерін өткізуге көмектесіп, оларға қорғаныс, медицина, мәдениет салаларында жүйелі тапсырыстар қалыптастыру мүмкін бе? – деп Нұртөре Жүсіп сұрақтар қойды.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...