Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтары пәтер алады
2024 жылдың мамыр айынан бері Алматыда кезекте тұрған 800-ден астам адам пәтер алды.
Тұрғындардың әлеуметтік осал топтары санатына жататын кезекте тұрған 218 адам пәтер кілттерін алды. Барлығы 78 жетім бала, 31 І және ІІ топ мүгедектігі бар азаматтар, 4 жәрдемақы бойынша Ұлы Отан соғысына ардагерлеріне теңестірілген азаматтар, 23 мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасы, 72 толық емес отбасы және 10 зейнеткер үш жаңа үйден пәтерлерін алды.
«Бүгін 2011-2012 жылдар аралығында кезекте тұрғандар қоныс тойын тойлады. Келесі аптада жаңадан тұрғын үй алушылардың көші жоспарлануда» — деді Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы.
Тұрғындар өз пәтерлерінің кілтін алуға отбасы болып, балалары және немерелерімен келді. Олардың қатарында бір бөлмелі пәтерге ие болған көп балалы ана Майра Әлібаева да бар.
«Мен 75 жастамын, 11 баланың анасымын. Бұрын мен баламның отбасымен қалада тұрдым. Енді мен өз пәтерімде мүгедектігі бар арбаға таңылған ұлыммен бірге тұрамын. Жаңа пәтер үшін қала басшылығына алғысым шексіз», — деді Майра Әлібаева
Естеріңізге сала кетейік халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша кезекте тұрғандарға ағымдағы жылдың 25 мамырында кілттер тапсырылған болатын. Одан кейін кезекте тұрған 124 адам үш ғимараттан пәтер алды.
Кезекте тұрған 164 адамнан тұратын екінші толқын 28 мамырда көшті. 30 мамырда кезекте тұрған тағы 105 адам кілттерін алды. 5 маусымда 111 отбасы жаңа үйге қоныстанды. Ағымдағы жылдың 7 маусымында Медеу қалалық тұрғын үй кешенінде 86 адам қоныс тойын тойлады.
Айта кету керек Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылы қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарының тізіміндегі азаматтарға кезектілік тәртібімен екі мың жалдамалы пәтер беру жоспарлануда, оның ішінде 400 пәтер жетім балаларға беріледі.