Енді колледжге түсу үшін құжаттарды электронды үкімет порталында тапсыруға болады.
«Енді талапкерлер колледжге түсу үшін құжаттарын eGov порталында тапсыра алады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау жалғасуда», — делінген хабарламада.
Колледждерге құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады. Өтінішті жібергеннен кейін оны бақылап, қажет болған жағдайда бас тартуға болады. Бір үміткер тек бір ғана өтініш бере алады және төрт түрлі колледжден төрт мамандыққа дейін таңдай алады.
Бұл жағдайда сіз оқығыңыз келетін аймақты және, әрине, оқыту тілін таңдай аласыз. Порталда бұрын алған білімі, алған бағалары, жалпы аттестаттық балл, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі бар жандар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және басқа да әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың мәртебесі туралы қосымша ақпарат автоматты түрде көрсетіледі.