Шымкенттік зағип жігіт әлеуметтік желіде сәтті мансабын құруда
Шымкенттік зағип жігіт әлеуметтік желіде табысты мансабын құруда. 22 жастағы Бекжан Нұрадин көру қабілетінің бұзылуына қарамастан танымал платформаларды меңгеріп, техникалық қолдау көрсететін маман болды. Ол контентті дамыту туралы клиенттерге кеңес береді. Қазір жігіт смартфон мен компьютер арқылы қашықтан жұмыс істеп, айына 1 миллион теңгеден астам табыс табады.
Бекжан өзінің өзгелермен тең дәрежеде жұмыс істей алатынын дәлелдегісі келді. Бірақ теріс пікірге ұрынбас үшін Бекжан бастапқыда бетін көрсетпей, анонимді жұмыс істеді, уақыт өте келе клиенттердің сенімі артып, оның шеберлігі мен табандылығын бағалады.
Жігіт отбасымен саяхаттау арманы өзін шабыттандыратынын мойындады. Көп ұзамай ол кәсіби журналист болады, қазір Бекжан университетте оқиды.
Бекжан Нұрадин, Шымкент қаласының тұрғыны:
— Мен қарапайым халықпен тең дәрежеде жұмыс істей аламын. Менің отбасым үшін, өзім үшін жауапкершілікті өз мойныма алғаным мені ынталандырады, мен әлемді шарлауды, бір нәрсені көруді, олармен қуанышта өмір сүруді өзіме визуализация жасаймын.