Now Reading
Астанада ерекше балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталықтарының саны артты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада ерекше балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталықтарының саны артты

Астанада ерекше балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталықтарының саны артты

Елордада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру кеңістігі жыл сайын кеңейіп келеді. Қазіргі таңда Астана қаласында 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 2 оңалту орталығы және аутизм спектріндегі балаларды қолдау мақсатында 2 арнайы орталық жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайын бұл мекемелерде 4 000-нан астам бала кешенді түзету көмегін алады.

Инклюзивті бағыттағы жұмысты одан әрі күшейту мақсатында 2025 жылдың сәуір айында елордада №5 психологиялық-педагогикалық түзету орталығы өз жұмысын бастады. Бұл орталық 0 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған. Атап айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын, арнайы немесе жалпы біліммен қамтылмаған балаларға жан-жақты көмек көрсетіледі.

№5 орталық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде келесі санаттағы балалармен жұмыс жүргізеді:

• көру және есту қабілеті бұзылған;

• сөйлеу қабілеті дамымаған немесе тежелген;

• тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар;

• психикалық дамуы кешеуілдеген;

• ақыл-ойында ауытқуы бар;

• мінез-құлқы мен эмоциялық-еріктік салада қиындықтары бар балалар.

Орталықтың жобалық қуаты — 100–150 бала, ал жыл сайынғы қамтылу көлемі — 300–350 бала. Мұнда 9 мамандандырылған кабинет жұмыс істейді. Балалармен логопедтер, дефектологтар, психологтар, бейімделген дене шынықтыру мамандары, музыкалық ырғақ нұсқаушылары, сурдопедагог пен тифлопедагогтар жұмыс істейді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×