2025-2026 оқу жылы қарсаңында «Жалпыға міндетті оқыту» қорының аясында республика бойынша оқушыларды дайындау жалғасуда. Көмек қолдауды қажет ететін 500 мыңнан астам баланы қамтиды.
«2025-2026 оқу жылы қарсаңында «Жалпыға міндетті оқыту» қорының аясында республика бойынша оқушыларды дайындау жұмыстары жалғасуда, биыл 500 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі», — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қор жетім балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған.
Ақша тікелей ата-ананың карточкалық шотына аударылады, бұл баланың қажеттілігіне қарай мектеп формасын, аяқ киім мен кеңсе тауарларын өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Биыл бір оқушыға шаққандағы көмектің ең төменгі мөлшері 46 228 теңгені құрайды.