Now Reading
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу: 220 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу: 220 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу: 220 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 221,7 мың адам қамтылды, 292,2 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды.

Мансап орталықтары арқылы субсидияланатын жұмыс орындарына 129,8 мың адам жіберілді, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 11,5 мың адам; 9,1 мың адам жастар тәжірибесіне; Қоғамдық жұмыстарға 91,7 мың адам; «Күміс ғасыр», «Алғашқы жұмыс орны», 2,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімі» жобалары аясында 14,8 мың адам.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн оқытумен 48,5 мың жұмыссыз қамтылды, оның 45,3 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 34,6 мың адам қамтылса, оның 19 мың адамы оқуын аяқтап, сертификат алды.

Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқуға 4610 адам жіберілді, оның ішінде 834 адам оқуды аяқтады.

Сонымен қатар, қызмет саласын таңдау мақсатында 224,3 мың адам мансап орталықтарында әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.

Айта кету керек, азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады және олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталады.

Мәселен, 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 292,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде – 129,8 мың адам; жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасында орналастырған бос жұмыс орындарына – 86,2 мың адам; Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында – 66,3 мың адам; орталық мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жобалар шеңберінде – 9,9 мың адам.

Сонымен қатар, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру мақсатында 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 9 мың грант беру жоспарлануда. Бірінші ағым аясында 4,2 мың грант берілді. 11 тамыздан бастап «Business.Enbek» порталы екінші ағым аясында талапкерлерден өтініш қабылдауды бастады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×