Now Reading
Қазақстанда емханаларға тіркелу науқаны басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда емханаларға тіркелу науқаны басталды

Қазақстанда емханаларға тіркелу науқаны басталды

Қазақстанда емханаларға тіркелу науқаны басталды

 

 

1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Қазақстанда халықты алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу бойынша жыл сайынғы акция өткізілуде.

 

Тіркелу ережелеріне сәйкес, осы кезеңде азаматтар бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде емхананы таңдай немесе ауыстыра алады. Осы мерзімде тіркелуге өтініш бергендер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасалған жағдайда келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа емханада медициналық көмек ала бастайды.

 

Кімдер емханаға тіркеле алады?

 

• Қазақстан Республикасының азаматтары;

• Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (ықтиярхаты болған жағдайда);

• ЕАЭО елдерінен (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения) келген еңбек мигранттары және олардың отбасы мүшелері — ерікті немесе міндетті медициналық сақтандыру шарты болған жағдайда.

 

Қалай тіркелуге болады?

 

• eGov.kz порталы арқылы (қызмет онлайн қолжетімді, қарау мерзімі – 1 жұмыс күні);

• Таңдаған емханада өтінішті жеке беріп.

 

Бұрынғы емханадан шығару автоматты түрде жүргізіледі. Егер сіз медициналық ұйымды өзгертуді жоспарламасаңыз, қайтадан өтініш берудің қажеті жоқ.

 

Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсету отбасылық бақылау принципіне негізделгендіктен, барлық отбасы мүшелерінің бір учаскелік дәрігерге тіркелгені ұсынылады. Бұл медициналық сүйемелдеудің сапасын арттырады.

 

Тіркелу тұрғылықты жерге жақын аумақта (жаяу 15–20 минут қашықтықта) ұсынылады. Бұл үйде медициналық көмек көрсетуде маңызды. Жалпы алғанда, тіркелу өз елді мекенің шегінде жүргізіледі.

 

Тіркеуден бас тарту себептері:

• өтініште жалған деректердің болуы;

• басқа елді мекенде тұру;

• емханада тіркелген науқастардың шекті санының асып кетуі;

• баланы тіркеу үшін қажетті құжаттардың болмауы.

 

Бір учаскеге тіркелетін халықтың саны: • жалпы тәжірибелік дәрігерге – 1 700 адамға дейін;

• учаскелік терапевтке – 2 200 ересек адамға дейін;

• учаскелік педиатрға – 0–6 жастағы 500 балаға дейін немесе 0–14 жастағы 900 балаға дейін.

 

Барлығы тіркеу науқанына 694 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны қатысуда. Жыл сайын амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін жеткізушілердің саны артып келеді, бұл халыққа медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×