Павлодарда балаларға қатыгездік көрсеткен тәрбиешіге үкім шығарылды, деп хабарлайды КазТАГ.
«М. төрт жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, оған үш жыл бойы мұғалімдік қызметке тыйым салынды», — деп хабарлады жұма күні Павлодар облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Әйел жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Павлодардағы балабақшаның мұғалімі мектепке дейінгі мекемеде болған зорлық-зомбылық оқиғасынан кейін жұмыстан шеттетілді. Оның әрекеттерінен зардап шеккен балалардың он ата-анасы полицияға арыз берді.