Now Reading
Астанадағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында тоғызқұмалақтан жарыс өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанадағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Астанадағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Елордада Астана күніне арналған спорттық шаралар аясында зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жасөспірімдер интеллектуалдық спорттан сынға түсті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Паралимпиадалық жаттығу орталығында ұйымдастырылған бәсекеге 40-қа жуық жан жиналып, командалық сайыс түрінде жүлдеге таласты.

«Нұра ауданымен бірге ұйымдастырылып жатқан шарамыз төртінші рет өткізіліп жатыр. Биылғы басты ерекшелігіміз – зейнеткерлерді қосуды жөн көрдік. Себебі қаламыздағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мүшелері әуесқойлар арасында қаламен ғана шектелмей, республикалық жарыстарда биіктен көрініп жүр. Олардың деңгейлері жасөспірімдерге жақсы тәжірибе болмақ», – деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының маманы Гүлнұр Базарханова.

Осы орайда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» қатысушысы Талғат Смағұлов тоғызқұмалақтың қаламызда қарқынды дамып жатқанын атап өтті.

«Тоғызқұмалақ – қазақ халқының дәстүрлі интеллектуалды ойыны. Сондықтан 2 жыл бұрын осы спорт түрін игеруді жөн көрдім. Үйрену барысында ата-бабамыздың ақылдылығына, есепке жүйріктігіне таңғалдым. Осы ойын арқылы ми

белсенді түрде жұмыс істейді. Мен баратын орталықтың өзінде 60-70 адам үнемі өзара талас-тартысқа түсіп жатады. Жоғары бәсекелестіктің арқасында бірқатар жетістікке де жетіп үлгердім», — деді зейнеткер Талғат Смағұлов.

Жарыс соңында қатысушылар медаль мен арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×