Астанада Отан қорғаушылар күніне орай плац-концерт өтеді

7 мамыр күні сағат 11:00-де Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған плац-концерт өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара аясында көрермендерді әскери оркестрлер мен мемлекеттік органдардың саптық бөлімшелері қатысатын мерекелік бағдарлама күтеді. Сондай-ақ саптық дайындық элементтері көрсетіліп, салтанатты бөлімшелердің көрсетілімдік қойылымдары ұсынылады.
Плац-концертке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысады.