Now Reading
Павлодар облысында мүгедектігі бар жандарға арналған дәретхананың болмауына байланысты әкім жауапкершілікке тартылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Павлодар облысында мүгедектігі бар жандарға арналған дәретхананың болмауына байланысты әкім жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында мүгедектігі бар жандарға арналған дәретхананың болмауына байланысты әкім жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында ауыл әкімі мүгедектігі бар адамдарға арналған дәретхананың болмауына байланысты жауапкершілікке тартылды

Көктөбе ауылдық округінің әкімі Ақымбек Темірғалиновқа әкімдік ғимаратында мүгедектігі бар адамдарға арналған санитарлық тораптың болмауына байланысты әкімшілік хаттама толтырылды. Алайда мемлекеттік қызметкер бұл жазаға қарсылық білдіріп, сотқа жүгінді.

2026 жылғы наурызда прокуратураның ұсынысы негізінде Павлодар облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің қызметкерлері Көктөбе ауылдық округі әкімдігіне тексеру жүргізді. Тексеру барысында ғимаратта мүгедектігі бар адамдарға бейімделген дәретхананың жоқ екені анықталды. Осыған байланысты ауыл әкіміне қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді.

Айыппұл мөлшері 216 мың теңгеден асты. Алайда Ақымбек Темірғалинов айыппұлды төлемей, оны жоюды талап етіп сотқа талап-арыз берді. Ол өз кінәсін мойындайтынын, бірақ бұған дейін жоғары тұрған әкімдікке санитарлық торап орнатуға қаражат бөлу туралы өтініш жасағанын айтты. Дегенмен мүгедектігі бар адамдарға арналған дәретхананы жабдықтау жөнінде жеке өтініш жолданбағаны белгілі болды.

Павлодар облысы Ақсу қаласының ауданаралық сотының қаулысында Темірғалиновтың 2022 жылдан бері ауылдық округ әкімі ретінде мемлекеттік мекемеге басшылық жасап келе жатқаны және мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі заң талаптарының сақталуына жауапты екені атап өтілген.

Сот материалдарына сәйкес, Павлодар облысы Май ауданындағы Көктөбе ауылында орналасқан мемлекеттік мекеме ғимаратында жабдықталған санитарлық торап жоқ, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік шарттары қамтамасыз етілмеген. Бұл жағдай Темірғалиновтың түсініктемелерімен және іс материалдарындағы өзге де дәлелдермен расталған.

Іс материалдары мен тараптардың уәждерін зерттеген сот әкімшілік хаттаманың заңды түрде толтырылғаны жөнінде қорытындыға келді.

Нәтижесінде 216 мың теңге көлеміндегі айыппұл өзгеріссіз қалдырылып, әкімнің талап-арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда инклюзивті ортаны дамыту көрсеткіштері бойынша әкімдердің қызметін бағалауға арналған KPI жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×