Now Reading
«Самұрық-Қазына» оңалту қызметін дамытуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Самұрық-Қазына» оңалту қызметін дамытуда

«Самұрық-Қазына» оңалту қызметін дамытуда

Қазақстанда балаларға ерте араласу көмегі жүйесі дамып келеді.

Қазақстанда даму ерекшеліктері бар балаларға ерте араласу көмегі жүйесін дамыту жұмыстары жалғасуда. Бұл бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ашылған «Қамқорлық» орталықтары. Осындай мекемелердің арқасында жүздеген бүлдіршін тегін диагностикадан өтіп, оңалту көмегін алу мүмкіндігіне ие болды.

Көптеген отбасы үшін «Қамқорлық» ерте араласу орталығы баласының болашағына деген алаңдаушылықтың орнына алғашқы жетістіктерге куә болатын орынға айналды. Мұнда шала туған сәбилердің денсаулығын нығайтуға, сөйлеу тілі кеш дамыған балалардың алғашқы сөздерін айтуына, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың алғашқы қадамдарын жасауына көмектеседі.

Астана қаласының тұрғыны Динара Қасымова:

– Бізде моторлық даму кідірісі болды, қазір бұл диагноз алынып тасталды. Өз басым баламның жағдайында өте үлкен оң өзгерістерді байқадым. Қазір сөйлеу тілін дамыту бойынша сабақтарға қатысып жүрміз, әзірге аз сөз айтады. Мұндағы мамандардың барлығы өз ісінің кәсіби мамандары. Тіпті 2GIS қосымшасында олардың жұмысына оң пікір қалдырдым.

Астанада бұл орталық 2022 жылдан бері жұмыс істейді. Жыл сайын мұнда шамамен 600 балаға көмек көрсетіледі. Әрбір баламен түрлі сала мамандарынан құралған команда жұмыс істейді. Диагностика мен оңалту барысында заманауи жабдықтар пайдаланылады.

«Қамқорлық» ерте араласу орталығының меңгерушісі Дина Тәжібаева:

– Бізге міндетті түрде мүгедектік мәртебесінің болуы қажет емес. Бұл жаста медициналық көрсетілімнің болғаны жеткілікті, өйткені баланың миы өте икемді келеді және дәл осы кезеңде оңалтудың нәтижесі жоғары болады. Бізге қабылдаудың негізгі екі шарты бар: Астана қаласында тұрақты тіркеудің болуы және қалалық емханаға тіркелу. Қажет болған жағдайда оңалтуға жолдаманы педиатр немесе терапевт береді.

«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Қазақстанда осындай 20 орталық ашылды. Бүгінде елде түрлі бағыттағы 55 оңалту орталығы жұмыс істейді. Онда жыл сайын 21 мыңнан астам бала сапалы оңалту көмегін алады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×