Now Reading
Атырауда балабақшадағы камера жазбаларын көргеннен кейін тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Атырауда балабақшадағы камера жазбаларын көргеннен кейін тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырауда балабақшадағы камера жазбаларын көргеннен кейін тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бейнежазбада тәрбиешінің балаға қатысты жол берілмейтін әрекеті көрініс тапқан. Атырауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасының айтуынша, қызметкер бес күн бойы оның ұлына зорлық-зомбылық көрсеткен.

Баланың ата-анасының айтуынша, бейнебақылау камераларындағы жазбалардан тәрбиешінің баланы құлағынан дөрекі тартып, қолынан ұстап сүйрегені көрінеді. Бала ұйықтамаған кезде тәрбиеші оны мойнынан ұстап, қатты жұлқылаған.

«Мен оны тек түскі асқа дейін, сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін апаратынмын, кейін үйге алып кететінмін. Осы уақыттың бәрінде балама зорлық-зомбылық көрсетілген. Оны қолынан ұстап сүйреген, тұншықтырған. Дәретханаға жарты сағатқа алып кететін. Ол жерде не болғанын білмеймін, өйткені дәретханада камера жоқ. Мүмкін, ол жерде баланы басынан да ұрған шығар, оны білмеймін. Бірақ бейнежазбада баланы қолтығынан ұстап, бір бөлмеден екіншісіне сүйреп апарғаны анық көрінеді. Кейін баланы еденде жатқан жастыққа лақтырып жіберген. Ол әлі кішкентай ғана бала ғой», – деді баланың анасы Жазира Ғабиден.

Баланың денесіндегі көгерген жерлерді алғаш болып әжесі байқап, бірден дабыл қақты. Сондай-ақ ол балабақшадағы бейнебақылау камераларының жазбаларын көрсетуді талап еткен. Баланың туыстары балабақша директорынан бастап барлық қызметкерді тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды талап етуде.

Балабақша басшысы қызметкердің әрекеті туралы жақында ғана білгенін айтты.

«Бұған дейін тәрбиешінің мұндай әрекетін байқамадық. Ол бізде небәрі екі ай жұмыс істейді. Баланың ата-анасынан кешірім сұраймыз. Бұл жағдайды өзіміз де тек кеше ғана білдік. Тәрбиешіден не себепті бұлай жасағанын сұрағанымда, ол ешқандай жауап бере алмады», – деді жекеменшік балабақшаның директоры Нагима Аманкосова.

Полиция қылмыстық іс қозғады. 27 жастағы әйел тергеу барысында. Туыстарының айтуынша, бір жарым жастағы бала ауыр психологиялық жарақат алған.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×