Now Reading
Астана әлеуметтік кәсіпкерлер саны бойынша Қазақстанда көш бастап тұр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астана әлеуметтік кәсіпкерлер саны бойынша Қазақстанда көш бастап тұр

Астана әлеуметтік кәсіпкерлер саны бойынша Қазақстанда көш бастап тұр

Бүгінде Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінде шамамен 1 780 кәсіпкер тіркелген. Оның 270-і елорданың үлесінде, бұл ел бойынша жалпы көрсеткіштің 15%-ын құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елорда жұмыс істеп тұрған әлеуметтік кәсіпкерлер саны бойынша Қазақстандағы көшбасшылығын сақтап отыр.

Әлеуметтік кәсіпкерлік – экономикалық құндылық қалыптастырып қана қоймай, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бизнес. Ол жұмыс орындарын ашуға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетуге, білім беру, оңалту, мәдениет, спорт және басқа да қоғамдық маңызы бар салаларды дамытуға ықпал етеді.

Астананың әлеуметтік кәсіпкерлер тізілімінде 4 санат бар.

Бірінші санат – халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды жұмыспен қамтып, олардың еңбекке орналасуына және бейімделуіне көмектесетін кәсіпкерлер.

Екінші санат – халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдар өндірген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуге жәрдемдесетін кәсіпкерлер.

Үшінші санат – күтім көрсету, әлеуметтік қолдау және оңалтуды қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсететін бизнес.

Төртінші санат – қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған жобалар. Олардың қатарында білім беру, мәдениет, спортты дамыту, отбасы мен балалық шақты қолдау, денсаулықты нығайту, қоршаған ортаны қорғау және басқа да әлеуметтік бағыттар бар.

Елордада бұл бағыттағы оң динамика сақталып отыр. Мәселен, Тізілімнің соңғы жаңартылуының қорытындысы бойынша Астанада әлеуметтік кәсіпкерлер саны 26 адамға артқан. Олардың 13-і төртінші санатқа, 11-і бірінші санатқа, ал 2-еуі үшінші санатқа жатады.

Қалада әлеуметтік бизнеске кешенді қолдау көрсетіледі. Қазірдің өзінде 100-ден астам елордалық кәсіпкер тиісті көмек алған. Қолданыстағы қолдау шараларының қатарында мемлекеттік гранттар, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, сондай-ақ ақпараттық-консультациялық қолдау бар.

Тізілімге енгізу үшін өтінімдерді қабылдаудың кезекті кезеңі 2026 жылғы 1-15 қыркүйек аралығында өтеді. Сонымен қатар 15-20 қазан аралығында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге арналған ашық конкурсқа өтінімдер қабылдау жоспарланып отыр.

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бір мезгілде жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге және қаланы жайлы әрі инклюзивті етуге бағытталған бастамаларды қолдауға мүмкіндік береді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×