Now Reading
Елордалық кітапханада көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған шығармашылық байқау өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордалық кітапханада көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған шығармашылық байқау өтті

Елордалық кітапханада көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған шығармашылық байқау өтті

Халықаралық Ақ таяқ күні қарсаңында Астанадағы зағип және көру қабілеті нашар азаматтарға арналған мамандандырылған кітапханада оқырмандар арасында танымдық-шығармашылық байқау өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны елорданың Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырды. Байқау көру қабілеті бұзылған адамдарды қолдауға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Байқаудың басты ерекшелігі – қатысушылардың тек білімдерін ғана емес, тактильді қабылдау арқылы алынған ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын да көрсетуіне мүмкіндік берілді. Сынақтар бірнеше бағыт бойынша өткізілді.

Байқау барысында қатысушылар берілген тақырып бойынша Брайль қарпін пайдалана отырып эссе жазды. Сондай-ақ Брайль мәтінін оқу бойынша өз білімдерін сынады. Бұл кезеңде оқу жылдамдығы, дұрыстығы және сауаттылығы бағаланды. Тағы бір тапсырма тактильді бейнелерді анықтауға арналды. Қатысушылар ұсынылған суреттерді сипап сезу арқылы танып, олардың мазмұнын анықтауы керек болды.

Мұндай тапсырмалар қатысушыларға өздерінің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін танытуға, сондай-ақ кеңістіктік-тактильді қабылдау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар байқау мамандандырылған кітапхана оқырмандарының өзара қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасуына арналған алаңға айналды.

«Мен бұл жерге 90-жылдардан бері келемін. 36 жыл ішінде көптеген әдеби шығарманы оқыдым. Осы уақыт аралығында мұнда көптеген дос таптым. 60 жасымнан бастап Брайль қарпін меңгердім. Араб тіліндегі әдебиетті көп оқымаймын, негізінен қазақ және орыс классиктерінің кітаптарын ұнатамын. Ең сүйікті кітабым – «Менің атым Қожа». Қазір зейнеттемін. Уақытымды кітапханада өткізгенді ұнатамын, хорға, биге қатысамын, көркемөнерпаздар үйірмесімен айналысамын», – дейді кітапхана оқырманы Жазит Контаев.

Іс-шара қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болды.

Астанадағы зағип және көру қабілеті нашар азаматтарға арналған мамандандырылған кітапхана 1970 жылы ашылған. 55 жылдан астам уақыт ішінде ол қажетті әдебиет пен ақпарат алуға болатын орын ғана емес, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің қарым-қатынас жасайтын, мәдени демалысын өткізетін және оңалтудан өтетін орталығына айналды.

Кітапхана тифлокомпьютерлермен жабдықталған және интернет желісіне қолжетімділік бар. Оқырмандар бұл мүмкіндіктердің барлығын тегін пайдалана алады.

Мекеменің кітап қоры жазық қаріппен басылған әдебиеттерді, Брайльдің бедерлі-нүктелі қарпімен шығарылған басылымдарды, аудиокітаптар мен мерзімді басылымдарды қамтиды. Қорда барлығы 20 мыңнан астам басылым бар. Оның ішінде Брайль қарпімен жазылған 3 мыңға жуық басылым және 9 мың аудиокітап бар. Кітапхана оқырмандарының саны шамамен 2300 адамды құрайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар көру қабілеті бұзылған адамдарға өз қабілеттерін ашуға, жаңа білім алуға және елорданың мәдени әрі қоғамдық өмірінің толыққанды қатысушысы болуға мүмкіндік береді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×