Астанада Халықаралық қарттар күніне орай зейнеткерлер арасында скандинавиялық жүрістен эстафета өтті. Ботаникалық бақта ұйымдастырылған спорттық шараға Нұра ауданының әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінен 130 адам қатысты.
Эстафетаға қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше санатқа бөлінді. Жарысқа 61 жастан асқан әйелдер мен 63 жастан асқан ерлер қатысты.
Атап айтқанда, бірінші кезеңде 63–65 жастағы ерлер мен 61–65 жастағы әйелдер бақ сынады. Екінші кезеңде 66–70 жастағы ерлер мен әйелдер қатысты. Үшінші кезеңде 71–75 жас аралығындағы қатысушылар өзара сайысқа түсті. Төртінші кезең 76–80 жастағы ерлер мен әйелдер арасында өтті. Сонымен қатар 81 жастан асқан қатысушылар үшін жеке санат ұйымдастырылды.
Эстафетаға қатысушылардың бірі, 72 жастағы зейнеткер скандинавиялық жүріспен екі жылдан бері айналысатынын айтты.
Ол спорттың бұл түрімен жұбайымен бірге шұғылданады.
«Мен 72 жастамын. Жұбайым екеуіміз скандинавиялық жүріспен екі жылдан бері айналысамыз. Біз бірге жүреміз. Қарттар күніне орай осындай шараның ұйымдастырылып жатқанына өте қуаныштымыз. Мұндай жарыстар бізге белсенді болуға, денсаулығымызға көңіл бөлуге және құрдастарымызбен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік береді», – деді ол.
Эстафета қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстануға және белсенді қимыл-қозғалысқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.