Now Reading
Мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету тәртібі: қандай өзгерістер енгізілді?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету тәртібі: қандай өзгерістер енгізілді?

Мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету тәртібі: қандай өзгерістер енгізілді?

2026 жылғы 8 қазанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, қағидаларға жаңа ұғым енгізілді:

Ымдау тілі – ақпаратты ым-ишара, мимика және дене қимылдары арқылы жеткізу үшін қолданылатын визуалды-кеңістіктік тілдік жүйе.

Сонымен қатар ымдау тілі маманы ұғымы нақтыланды. Ол – қандай да бір тілден дактиль әліпбиіне және (немесе) ымдау тіліне аударма жасау арқылы мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін маман.

Бұдан бөлек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкері немесе қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы Заңның 18-2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұратыны нақтыланды.

Егер өтініште немесе өтініш беруші ұсынған құжаттарда қателер мен дәлсіздіктер анықталса, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмесе немесе құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері немесе қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдап, өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді.

Бұл ретте өтініш беруші ұсынған құжаттар, оның ішінде түпнұсқалар да, Мемлекеттік корпорацияға немесе қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне сақтауға қабылданбай, өтініш берушіге қайтарылады. Бұл талап веб-портал мен абоненттік құрылғы арқылы берілген өтініштерге қолданылмайды.

Құжаттар өтініш беруші анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін, қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған мерзім шегінде қайта ұсынылады.

Бұл ретте анықталған кемшіліктерді жою үшін өтініш берушіге екі жұмыс күні беріледі. Бұл мерзім тиісті мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің жалпы есебіне қосылмайды және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің шегінен аспауға тиіс.

Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылса, мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш немесе құжаттар қабылданған күн ретінде өтініш берушінің алғаш жүгінген күні есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жалғасады.

Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаса, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері немесе қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Құжаттар топтамасы талаптарға сәйкес келген жағдайда қалалық басқарманың немесе жұмыспен қамту бөлімінің маманы құжаттарды бес жұмыс күні ішінде қарайды. Қарау нәтижесі бойынша өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама беріледі.

Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қосылмайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болған жағдайда өтініш берушімен тыңдау рәсімі өткізілмейді.

Қалалық басқармадан немесе жұмыспен қамту бөлімінен хабарлама алғаннан кейін Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы оның абоненттік құрылғысына SMS-хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.

Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір ай бойы сақтайды. Осы мерзім өткеннен кейін құжаттар одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға және жұмыспен қамту бөлімдеріне беріледі.

Егер өтініш беруші бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша қалалық басқармалар мен жұмыспен қамту бөлімдері дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мынадай негіздер бар:

• өтініш берушінің немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

• мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш берушінің келісімінің болмауы;

• мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған мерзім аяқталғаннан кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.

Бұйрық 2026 жылғы 26 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×